Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы 10 - 11 - сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Дүниежүзі тарихы пәнін оқыту өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымын және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым - қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.