Сабақ: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары (2 сағ)
Алгебра 7 сынып
Басталуы
Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық ортасын қалыптастыру. Топқа бөлу
Кубизм стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап алу
Сұрақтар:
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы қалай оқылады?
2. Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласының маңызы қандай және не үшін қолданылады?
3.(а - в)(а+в)= а²- в² оңнан солға қарай оқылады?
(а - в)(а+в)=а²- в²
а²- в² = (а+в)(а - в )
Ортасы
Мағананы тану
Формуланың оқылуы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең
Сынып оқушыларын топқа бөліп, интерактивті тақтада есептер шығару
Топпен жұмыс
І) а²- 16
(х+4)(х - 4)
ІІ) в²- 9
(10 - в)(10+в)
ІІІ) (а - 3)(а+3)
а²- 100
Математикалық диктант
1. 16 мен х - тің екі дәрежесінің айырымы
2. 9а - ның екі дәрежесі мен 25в - ның екі дәрежесінің айырымы.
3. а+2 мен а - 2 - ның көбейтіндісі
4. 1 - 3в мен 1+3в - тің көбейтіндісі
5. х - у пен х+у - тің көбейтіндісі
6. 100 - с2
Дұрыс жауабын интерактивті тақтада тексеру.
Дұрыс жауабы:
16 - х²=(4 - x)(4+x)
9а²- 25в²=(3а - 5в)(3а+5в)
(а+2)(а - 2)=а²- 4
(1 - 3в)(1+3в)=1 - 9в²
(х - у)(х+у)=х²- у²
100 - с²= (10 - с)(10+с)
Оқушылардың шапшаңдығын бағалау
4. Ауызша есеп ------------ Дұрыс жауабы
а²-...=(а - 5)(а+5) -------------- а²- 25=(а - 5)(а+5)
(…+m)(10 - m)=100… ------------ (10 - m)(10+m)=100 - m²
9k²-…=(3…- 4)(3…+4) ---------------- 9k²- 16=(3k - 4)(3k+4)
Сынып оқушыларымен өз бетімен жұмыс жүргізу мақсатында деңгейлік тапсырма берілді.
5. Деңгейлік тапсырма
I. Амалды орында:
(х+у)(х - у)=
(n+1)(n - 1)=
(m+5)(m - 5)=
I. Теңдеуді шешіңдер:
Тарғап ауылындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
Мұғалімнің есімі: Камалова Ш.