Түсінік хат
Бүгінігі ұрпақ өзінің мінез - құлқын, тілін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер жас ұрпаққа жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған 1 - сыныпқа мектеп компонентінен алынған Шебер қолдар қолөнерге баулу үйірмесі оқушылардың ықылас - ынтасын дамытып, болашақ маман ретінде өзін - өзі тануға мүмкіндік береді.
Үйірменің апталық жүктемесі 1, 5 сағат, жылға 47 сағатқа арналып құрастырылған. Сабақтарда дарынды оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс - әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, бар зейінін аударып ынта - жігерлігін арттыру басты мақсат.
Табиғи материалмен әртүрлі аңдардың бейнесін жасауды, матамен жұмыс, т. б. жасауды тереңірек меңгереді.
Мақсаты: 1. Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
2. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жұмысты ұйымдастырып, керекті материалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білу
2. Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеп, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.
4. Оқушының еңбекке қызығушылық ынтасын нығайту және ой - өрісін кеңейту.
5. Еңбектің қажеттілігін білуін, бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау.
6. Балаларды тек жеке бастары үшін еңбек етуге емес, халықтық ортақ үшін еңбектенуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа үйренеді;
Өз жұмысына және өз жолдастарының жұмысына әділ баға беруді үйренеді;
Пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеттері артады;
Көрмелерге қатысады.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, дүниетану.
Шебер қолдар 1 - сынып
Аптасына 1, 5 сағат, барлығы 47 сағат.