Қазақша жыл басы қалай

Скачать

1 - кезең. Оқушылар тіл туралы ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.
2 – кезең. Сөз ойла, тез ойла (екі топқа Қазақстан сөзі беріледі, сол сөзден сөздер шығару керек)
3 – кезең. Сен білесің бе? сайысы. Бұл сайыста оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1 - сұрақ: Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2 - сұрақ: ҚР рәміздеріне нелер жатады? (ту, елтаңба, әнұран)
3 - сұрақ: Елтаңбаның авторын атаңыз? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов)
4 - сұрақ: Тудың авторын атаңыз? ( Шәкен Ниязбеков)
5 - сұрақ: Әнұраның авторын атаңыз? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяков)
6 - сұрақ: Қазақша жыл басы қалай?(наурыз)
7 - сұрақ: Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)
8 - сұрақ: Кім барлық тілде сөйлей алады? (Жаңғырық)
9 - сұрақ: Егер түнде сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? (Жоқ, бұл уақытта түн мезгілі)
10 - сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін атаңыз. (Қазақ тілі)
11 - сұрақ: Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады? (Мысық)
12 - сұрақ: Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? (Ой - қиял)
13 - сұрақ: Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде)
14 - сұрақ: Лондон Олимпиадасында ҚР неше алтынға ие болды? (7)
15 - сұрақ: Ең бірінші алтынды кім әкелді? (С. Винокуров)
16 - сұрақ: Соңғы алтынды кім жеңіп алды? (С. Сапиев )
Марапаттау рәсімі


Скачать


zharar.kz