Сабақтың тақырыбы: Антоним сөздер.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре
отырып, жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту.
ә) дамытушылық - оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, талдау машығын дамыту.
б) тәрбиелік - ұлттық салт - дәстүрін, рухани байлығын құрметтеу,
тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың түрі: жаңа материалды таныстыру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест, талдау жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары,
Фонетикалық талдау сызбасы, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, перфокарта.
Сабақтың өтілу алгоритмі:
1 - кезең: Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық - 2 мин.
2 - кезең: Үй тапсырмасын сұрау.
а) Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар. Ой ашу. – 3 мин.
ә) Тест сұрақтары. – 3 мин.
3 - кезең: Сөз жұмбақ. - 6 мин.
4 - кезең: Жаңа сабақ.
а) Слайдпен жұмыс – 4 мин.
ә) Ойын: Сыңарын тап. - 5 мин.
5 - кезең: Тірек сызбамен жұмыс. – 5 мин.
6 - кезең: Оқулықпен жұмыс.
а) 96 – жаттығу. - 5 мин
7 - кезең: Сергіту сәті – 1 мин.
8 - кезең: Кеспе қағазбен жұмыс. - 5 мин
9 - кезең: Сабақты бекіту. – 5 мин
10 - кезең: Үйге тапсырма. – 1 мин.
11 - кезең: Бағалау.
Сабақтың барысы: 1 кезең
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) (психологиялық дайындық.)
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
( Бір – бірімізді қол шапалақтап қолдап қоямыз )
2 - кезең.
Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақтар бойынша сұрақтар).
1. Лексика нені зерттейді?
2. Сөздің тура мен ауыспалы мағыналарына түсінік бер.
3. Сөздің көп мағыналығын қалай түсінесің. Мысалдармен дәлелде.
4. Омоним деген не. Оны көп мағыналы сөзден айырмашылығын айт.
5. Синоним деген не. Мысалдар айт.
Тестпен жұмыс
1 - қатар 2 - қатар
1. Зат есімнен болған синонимдер қатарын тап
А) пішін, адам, әлпет -------------------------- А) терек, мектеп, оқушы
Б) мұғалім, ұстаз. оқытушы ------------------ Б) жылдам, тез арада
В) көркем, сұлу ----------------------------------- В) қойшы, бақташы, шопан
2. Омоним болатын қатарды тап
А) жерді бас, таудың басы ------------------------- А) кең бөлме, кең көйлек
Б) адамның тамыры, ағаштың тамыры -------- Б) Қара шалбар, маған қара
В) алманы жу, алманы же -------------------------- В) кітапты қой, дәптерді қой
3. Толық мағыналы сөзді көрсет
А) дейін ------------------ А) жөн
Б) білім ------------------- Б) керек
В) туралы ---------------- В) оқулық
ДҰРЫС ЖАУАБЫ
Өзіңді тексер
1 – қатар ------------ 2 – қатар
1. Б ------------------- 1. В
2. А ------------------ 2. Б
3. Б ------------------ 3. В
3 – кезең Мықты болсаң, тауып көр Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын шығару.
1. Құпия сөздің синонимі. (ЖҰМБАҚ )
2. Тіс жармады тұрақты сөз тіркесінің мағынасы. (Үндемеді)
3. Мақалды жалғастыр. Татулық – табылмас... (Байлық)
4. Әрі жуан, әрі еріндік, әрі ашық дауысты дыбыс. (О)
5. Бір – біріне мағынасы жақын сөздерді...... дейді. (Синоним)
6. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа – басқа сөзді.... дейді. (Омоним)
7. Сұлу сөзінің синонимі. (әдемі)
4 - кезең Слайдта берілген суреттерді көрсетемін. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді айту арқылы оқушылар антонимнің ережесін шығарады
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Антоним сөздер тағы былайша жасалуы мүмкін: антонимге жұрнақ жалғануы
арқылы немесе емес сөзін тіркесуі арқылы.
Мысалы: үлкен – үлкен емес
бар – барма
сулы – сусыз
Сынарын тап ойыны
Биік – аласа --------------------- Жақын – алыс ----------------- Ұзын - қысқы
Тез – баяу ------------------------ Алды – арты ------------------- Ақ - қара
Таза – лас ------------------------- Дос – қас ----------------------- Ыстық - суық
Бар – барма --------------------- Жарық – қараңғы ------------- Іші - сырты
Әдемі - әдемі емес ----------- Жуан – жіңішке ---------------- Алыс - жақын
Үсті – асты ------------------------ Сүйкімді - сүйкімсіз ---------- Құрғақ - ылғалды
Ащы – тұщы Кең – тар Сәнді – сәнді емес
5 – кезең Сызбасы бойынша сөзге фонетикалық талдау жасаймыз.
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:
жуан, жіңішке, аралас буынды сөз.
2. Буын:
а) ашық ( а. б. )
СӨЗ ә) тұйық ( т. б. )
б) бітеу ( б. б. )
3. Тасымал
4. Екпін
5. Буын үндестігі
ҚҰРҒАҚ 1. Жуан буынды сөз
2. ҚҰР – ҒАҚ б. б.
3. 1 жолмен тасымалданады құр – ғақ
4. екпін сөздің соңғы – ғақ буынына түсіп тұр
5. сөз буын үндестігіне бағынады.
Қ – қатаң
4 + 2 = 6
Ұ - жуан, еріндік, қысаң
Р - үнді
Ғ – ұяң
А - жуан, езулік, ашық
Қ - қатаң
6 – кезең Оқулықпен жұмыс.
96 – жаттығу. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі
Қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.
Үлгі: биік тау – аласа тау....
7 – кезең Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі. ( антоним сөзді тап )
8.- кезең Артық болмас білгенің
Ауыр -...
кең -...
ыстық -...
жас -...
артық -...
арық -...
оңай -...
Өтірік -...
алғыс...
қарғыс -...
рахат -...
Ерте -...
жоғары -...
алыс -...
әрі -...
9 кезең Сабақты бекіту. Тақырыпты перфокарта бойынша жұмыспен бекіту.
Антонимдер -------- Сын есім --------- Етістік ---------- Зат есім ------- Есімдік ---------- Үстеу
күлу - жылау
анау - мынау
жаз - қыс
әне - міне
жоғары - төмен
күн - түн
ерте - кеш
өмір - өлім
ашық - жабық
қону - ұшу
көп - аз
10 – кезең. Үйге тапсырма.
97 - жаттығу.
11 - кезең. Бағалау.