Фирмалардың өзара талқылап қабылдаған шешімдері

Скачать

БҚО, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы,
Алмалы ОЖББМ Сызу және экономика негіздерімен
қаржылық сауаттылық пәнінің мұғалімі: Қаныбет Мазета

Тақырып: Нарықтың атқаратын қызметтері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Нарықтың атқаратын қызметтері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.
ә) тәрбиелік: Нарық заңдылықтарын білуге бағыттау, топ болып талқылап, ортақ шешім қабылдауға үйрету.
б)дамытушылық: Нақты жағдайға баға бергенде ойлауын дамыту.

Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтау, түртіп алу, ойлану, талқылау, шешім қабылдау, баяндау.
Көрнекілігі: Мәтіндер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылар қабылдау деңгейлері бойынша шамаластырылып, төрт топқа бөлініп отырғызылды.
Нарықтың атқаратын қызметтері:
- Ұдайы өндіріс
- Реттеуші
- Ынталандырушы
- Сауықтырушы – деген сөздер тақтаға жазылды.
Ой қозғау.

Бұл сабақта біз алдыңғы сабақтарда өткен Нарық және оның элементтері: сұраным, ұсыныс және тепе-теңдік бағасының қоғам дамуындағы өндірістік қатынастарға қалай әсер ететінін білеміз. Нарықтың қызметтерін заңмен немесе үкіметтің қаулы-шешімдерімен күштемейді, ол өздігінен нарықтық заңдылықтарға сәйкес қалыптасады. Біздің еліміз нарықтық қатынас жолына түскен. Теледидарға немесе газет-журналдарға назар аударсаңыздар:кейбір кәсіпорындар жаңадан ашылып жатыр да, кейбіреулері банкрот болып жойылып жатыр. Тауарлар бағасы да жылма-жыл әртүрлі болады: бір жылы жоғары да, келесі жылы төмен, немесе керісінше. Оны өзіміздің ауылдағы тауар өндірушілерден де байқап жүрген боларсыздар. Неліктен бұлай болады? Бұл сұраққа бүгінгі сабақтан жауап табамыз.

Топтау.
Сабақтың жүру тәртібі таныстырылады. Төрт топ нарыққа тауар шығаратын төрт түрлі тауар өндіруші – фирмаларға бөлінеді.
1-ші фирма. Қой мен сиыр өсіретін фермер шаруашылығы.
2-ші фирма. Қарбыз бен пияз өсіретін шаруа қожалығы
3-ші фирма. Ұн мен қант бойынша көтерме саудамен айналысатын азық-түлік фирмасы.
4-ші фирма. Автобус пен трактор арқылы қызмет көрсететін көлік-тасымал фирмасы.

Сабақ әрқайсысы бөлек талқыланып, баяндалатын екі бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің алдында фирмаларға нарықтың атқаратын қызметтерінің мәтіндері таратылады.

Бірінші бөлімде: Ұдайы өндірістік, реттеушілік, ал екінші бөлімде: Ынталдандырушылық, сауықтырушылық – мәтіндері болады. Әрбір фирма мүшелері мәтіндерді өзара оқып, талқылап, негізгі қажеттілерін дәптерлеріне түртіп жазып алып, зерттеп, өндірістерінің нарыққа араласуын талқылап, шешім қабылдап, әр бөлім соңында шешімдерін дәлелдеп шығады. Баяндаулары сындарлы, дәйекті және дәлелді болуы керек. Сабақ соңында мұғалім фирмалардың шешімдерін қорытындылап бағалайды.

1-ші бөлім мәтіндері №1, №2.
Мәтін №1 Нарықтың ұдайы өндірістік қызметі
Бұл барлық алуан түрлі тауарлар өндірісінің тоқтаусыз болуын нарық қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Нарыққа тауар шығарып, оны сатудан түскен ақшаларына кәсіпкерлер:
- Өндіріс құралдарын сатып алады
- -Жұмысшылар жалдайды
- Тауар өндіру мөлшерін көбейтеді

Нарық өндіріс пен тұтыну арасында берік байланыс болуына мүмкіндік жасайды, яғни экономиканың барлық салаларын бір салаға біріктіреді.
Мәтін№2 Нарықтың шаруашылық әрекеттерді негізгі реттеуші қызметі
Бұл сұраныс, ұсыныс және баға деңгейі қатынастары арқылы, нарық:
- тауар өндірушілерге елдің және жеке аймақтың шаруашылық өміріндегі, барлық саладағы жағдайы туралы хабарландырады.
- Өнімнің қоғамдық пайдалылығын белгілейді
- Өндіріс пен тұтынудағы өзгерістер бағытын көрсетеді дегенді білдіреді

Нарықтық жүйеде кез келген тауардың және әрбір қызмет көрсетудің бағасы бар. Адамдар жалақы, стипендия, зейнетақы түрлерінде, ал кәсіпкерлер тауар сатумен қызмет көрсетуден кірістер алады. Осы кірісті өздеріне қажетті нәрсені сатып алуға жұмсайды. Егерде қандайда бір өнім(мысалы, сүт) адамдарға көбірек керек болса, онда оны көбірек сатып алуды бастайды. Сол уақытта қолайлы мүмкіндікті жібермес үшін сатушылар ол өнімнің бағасын көтереді. Осы кезеңде нарықта орамжапырақ (капуста) көп болады да, өтімділігі аз болады. Орамжапырақ сатушылар тауарды өткізу үшін бағаны төмендетеді. Төмен бағамен орамжапырақ көп сатылады, бірақта өндірушілердің кірістері азаяды. Олар орамжапырақ өндіруді азайтып, қаржыларын көбірек кіріс беретін басқа өнімді өндіруге жұмсайды. Ендігі жерде сатып алушыларға сүт көп болады да, оның бағасы төмендейді.
Нарық шаруашылығы дамуында дұрыс қатынастарды орнату, тауар өндірісін реттеу осылайша жалғаса береді.

Фирмалардың өзара талқылап қабылдаған шешімдері:
Фермер шаруашылығы фирмасы:
Біздің фирма қой мен сиыр малдарын өсірумен айналысады. Артық малдарымызды нарыққа шығарып сатамыз. Одан түскен ақшаға жем-шөп немесе шөп шабатын орақ пен трактор сатып аламыз, қора саламыз. Мал бағатын немесе қораларды салатын, жөндеуден өткізетін адамдарды жалдаймыз. Малымызды өз төлі есебінен көбейтеміз, ақшамыз жеткілікті болса, бұзау мен тоқты сатып аламыз. Осылай біздің өндірісіміз тоқтаусыз жұмыс жасайды.
Біз нарықта сұраныс пен бағаға байланысты әрекет етеміз. Егерде сұраныс ет пен қаракүл елтірісіне молырақ болып, олардың нарықтық бағасы жоғары болса, онда етті сиыр мен қаоракүл қойын көбейтеміз. Ал, ет пен елтірінің бағасы төмендеп, сұраныс пен баға сүт пен жүнге көтерілсе, онда сүтті сиыр мен биязы жүнді қойды көбейтеміз.

Шаруа қожалығы фирмасы:
Біздің шаруашылық қарбыз бен пияз өсіреді. Оны пікеннен кейін нарықта сатудан түскен ақшаға келесі жылға қажетті тұқым, жаңа су айдайтын насос, жер өңдеу құралдарын сатып аламыз. Бақша суаратын, арам шөптерді отайтын жұмысшылар жалдаймыз, яғни өндірісіміз жылма-жыл болады.
Шаруашылық әрекеттерімізді нарықтағы сұраныс пен бағаға байланысты реттеп отырамыз. Егерде базардағы сұраныс пен баға қарбызға көп болатын болса, онда келесі жылы егістік жерімізде қарбыздың үлесін көбейтемізде, пияздың үлесін азайтамыз.

Азық-түлік фирмасы:
Біздің фирма көтерме саудамен айналысады. Ұн мен қантты бір жерден мол қылып арзан бағаға сатып алып келіп, екінші жерге жоғары бағамен сатамыз. Түскен ақшаға бұрыңғыдан көбірект тауар әкелу үшін жүк машинасын сатып аламыз, дүкен салатын және астық пен қанттарды тиеп-түсіретін жұмысшылар жалдаймыз. Сөйтіп ұн мен қант әкелу тоқтамайды.
Бірінші қажеттіліктегі тауар болғандықтан ұн мен қантты сатуда бір ауылмен шектелмейміз, жақын маңдағы ауылдардағы ұн мен қантқа деген сұраныс пен бағаны әруақытта бақылап отырамыз. Көтерме саудамен айналысқандықтан жақын маңдағы үлкен қалалардағы ұн мен қанттың көтерме сауда бойынша ұсыныстары мен бағасы да біздің назарымызда болады.

Көлік-тасымал фирмасы:
Біздің фирма ауыл тұрғындарына автобус пен трактор арқылы қызмет көрсетеді. Одан түскен ақшаға техникаға қажетті жанармай түрлерін, артық бөлшектер алып, жеткілікті болып жатырса жаңадан автобус немесе трактор алып, жөндеу шеберханаларын салып жөндеушілер ұстауға жұмсаймыз. Өндіріс тоқтаусыз болады.
Іс-әрекетіміз әр уақытта ауыл тұрғындарының сұранысына және келісім бағаға сәйкес келеді. Егерде адамдардың жол жүруіне сұраныс көбейсе, автобусты көбейтеміз де, ал оған сұраныс азайып, ауыл шаруашылығы жұмыстарына сұраныс көбейсе, тракторды көбейтіп ұсыныс жасаймыз.

2-ші бөлім мәтіндері №3, №4.
Мәтін №3 Нарықтың ынталандыру қызметі
Бұл қоғамдық еңбекті үнемдеудің, өндіріс шығындарын азайтудың пәрменді жолы нарық дегенді білдіреді. Бұл қызметті орындау нарықтық баға мен бәсекеге байланысты. Нарықтық жүйеде өндірушілерді еңбек өнімділігін көтеруге, өнім сапасын арттыруға көндіретін, осылайша экономикалық қысым жасайтын тиімді механизм қалыптасқан. Себебі: адамдар сапасы жоғары және бағасы төмендеу тауарды сатып алады, яғни өндірушілердің жаңа технологияларды енгізуіне, өндірісті жаңартуына және дамытуына тура келеді. Ешбір бақылау сапасы төмен тауарды нарық жасағандай етіп көрсетпейді, себебі: сапасы төмен тауарды ешкім алмайды.
Мәтін№4 Нарықтың сауықтыру қызметі
Бұл әрбір шаруашылықтың өз экономикаларын жақсартуға нарықтық қатынастардың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Нарық әрбір кәсіпкерге мынадай қатаң талаптар қояды:
- өндіріс шығындарын азайту
- материалдық, қаржы, еңбек қорларын үнемді жұмсау
- өндіріс тиімділігін арттыру
- жаңа техника енгізу
Нарықтық жүйеде жақсы жұмыс жасайтын кәсіпкерлер қосымша пайда тауып, өндірісі одан әрі жақсы дамиды. Нашар жасайтын кәсіпкерлер керісінше зиянға қалып, соның кесірінен банкротқа ұшырап, жойылып отырады.

Фирмалардың өзара талқылап қабылдаған шешімдері:
Фермер шаруашылығы фирмасы:
Нарық жағдайында қалай болғанда да біздер мол пайда табуға тырысамыз. Себебі:на- рықта біздерменен бәсекелес сиыр мен қой өсіретін басқа да тауар өндірушілер бар. Сондықтанда малдың асыл тұқымдарын өсіреміз және құнын жібермейтіндей қылып ұстаймыз. Өйткені біздің тауарымыз нарықтағы сұранысқа сәйкес келіп, көп кіріс алатын болуымыз керек. Сонымен бірге шаруашылығымыз зиянға қалып, банкротқа ұшыраған кезде жойылып кетпеуі үшін үнемдеу шығындарды азайту шараларын аламыз. Мысалы:шөп тасу жұмыстарына техника қолданбай, түйе-ат көліктерін пайдалану, қора жөндеу мен мал бағу жұмыстарына сырттан жұмысшылар алмай өзіміз отбасыларымызбен атқарамыз.

Шаруа қожалығы фирмасы:
Көп кіріс алу үшін біздің қожалық шығымдылығы жақсы өнімділігі жоғары, тез пісетін және өнімі ірі болатын қарбыз бен пияз тұқымын алып егеміз. Нарыққа ерте және саналы қылып апару үшін минерал тыңайтқыштар қолданамыз және жарты гектарын пленкамен жауып өсіреміз. Зиянға қалмас үшін тауарымызға қай жерде сұраныс көп және баға жоғары болатынын анықтап өз көлігімізбен тасымалдаймыз. Шығындарды үнемдеу жағын қарастырып, егістік жердегі суару. арам шөптерді отау, өнімдерді жинап көліктерге тиеу жұмыстарын мүмкіндігінше өзіміз жасауға тырысамыз.

Азық-түлік фирмасы:
Біздің фирма көтерме саудамен айналысатын болғандықтан мол пайда табу үшін мүмкіндігінше тікелей ұнды элеватордан, ал қантты қант зауытынан алуға тырысамыз. Шығынды үнемдеу мақсатында тауарымызды қаладан ауылға дейін өзіміздің жүк көлігімізбен тасимыз. Тауарды қоймаға немесе дүкенге түсіріп-тиеуге де жұмысшы жалдамай өз міндетімізге аламыз. Фирманың жойылып кетпеуінің барлық жағдайын қарастырамыз. Ол үшін ауылдағы және жақын ауылдардағы біздің тауарымызға деген сұранысты алдын ала толық зерттейміз. Егерде бос болатын болса, жүк машинамызды да сұраныс болса жалдаймыз.

Көлік – тасымал фирмасы.
Фирмамыз көп пайда табу үшін автобус пен тракторды бір күнде тоқтатпауға тырысады. Шығын үнемді болуы үшін жанармайды және жиікерек болатын артық бөлшектерді алдын ала арзан бағаға алып, әкеліп қоямыз. Фирма банкротқа ұшырамау үшін автобус пен тракторды жүргізушілер сұранысқа сәйкес уақытпен есептей жұмыс жасайды. Мүмкіндігінше автобус пен тракторды бес жылда бір жаңартып отырамыз.


Скачать


zharar.kz