Бүгінгі менің ұрпақтарым

Скачать

Ел боламын десең, бесігіңді түзе
Ұлы Мұқтар атамыздың аталы сөзі ең алдымен ата - ана және ұстаздар қауымына арнап айтылғанын, сол бесіктің мектеп екеніне ешкімнің дауы жоқ екенін білеміз.
Сәбиді аялаған аналық парыз қандай киелі болса, шәкірт тәрбиесін мойынына жүктеп алар ұстаздық та сондай мәнде. Алдымыздағы оқушыға білім беріп қана қо аз.
Тәрбие мен білім егіз білім бермей тәрбие тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді . Мұны айтқан орыс жазушысы Л. Н. Толстой. Ұстаз қызметінің салмақтылығы да, жауаптылығы да осында деп отыр.
- Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі .
Әлемдегі екінші ұстаз атаған Әбунасыр Әл - Фараби білім алған баланың болашағына кепіл беретін де ұстаз болу керек дейді. Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді - деген. Менде осы ұлағатты ұлы сөзге толықтай сенемін, қосыламын.
Бұл бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата - анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, кішіпейілділігі, ақыл - ойы; сана - сезімі, адамгершілігі әсер етеді деген сөз. Сондықтан баланы жақсы көру бар да, оны ерен еркелету, шолжаңдату, бірін - үлкенім, тұңғышым деп, не зарығып көргенім деп, не кенжем деп өрескел дәріптеу, еркіне жіберу, айтқанын екі етпей, қолын қақпаудың аяғы неге әкеп соғатынын кейде білмей де қаламыз.
Ата мен ана балаларына үлгі өнеге көрсете алмаса тәрбиелі бала өсіруі екіталай. (Мұны мұғалімдерде айтуға болады деп ойлаймын).
Дұрыс қанағаттанған түзу ұшар Балаларымызды бағып - қағуымызда қапымыз жоқ - ақ сияқты, бірақ санымызды соққызып, сөз келтіреді,- деп ренжігендердің мұңын талай естідік. Балаға абзал тәрбие беруде әрқилы әттеген - айлар бар ғой.
Халық: өнегелі тәлімнен ұятқа қалдырар ұрпақ өспейді,- дейді.
Жоғарыда келтірілген қазақ мақалы ата - анаға қатты талап қояды, жас буын тәрбиесіне жалықпай қайрат жұмса деп отыр.
- Әрбір саналы адамды баласының ертеңі мен бүгіні дамылсыз толғантары сөзсіз. Бала - қоғамдағы ең үлкен мәселе екенін түсінуіміз керек. Жақсы бала болса оған бәріміз ие. Ата - анасы да мақтанады, біздің тәрбиеміз деп, біз, мұғалімдер де біздің оқушымыз деп мақтаныш тұтамыз. Ал, нашар оқитын немесе тәртібі, мінез - құлқы нашар бала болса оған ие болғымыз келмейді. Ата - ана мектепке, мектеп ата - анаға сілтеді. Меніңше бұл баланың негізі өз отбасында қалыптасады, соны ата - анаға жеткізе білуге және жауапкершіліктерін арттыру керек дегім келеді.
Абай ата! Сіз өз ұрпақтарыңызға төмендегідей керемет өсиет қалдырып едіңіз ғой.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге...-
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ.
Еріншек бекер мал, шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз...
Осыны қазіргі жиырма бірінші ғасырдағы өмір сүріп жатқан ұрпақтарыңыз орындап жүр ме? Өлеңнің алғашқы жолдардағы сөздер балаларды білім алып, өнер үйреніп алуға, осы өмірдегі әрбір уақыттың санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескертіп отыр. Ақынның өлеңін тыңдасақ, баланың бойына асыл, жақсы қасиеттер туа бітпейтінін, олардың тәрбиенің мазмұнына, тәрбиелеу барысында пайдаланған амал - жолдарға байланысты екенін айтады. Бала өз бойына осы бес асыл қасиетті сіңіріп, бірлікте ұстай алса, ал жаман қасиеттерден бойын аулақ алып жүрулері жайлы ескертеді.
Ал, Абай атаны тыңдар болсақ, былай деуі мүмкін: Бүгінгі менің ұрпақтарым! Мен сендерге ренжулімін. Неге дейсіңдер ме? Себебі, мен сендерге ұғарлық, көңілге тоқып аларлық мол мұрамды қалдырдым. Сол мұрада сендер алар ілім көп - ақ еді, сендер соның қадір - қасиетін білмей жүрсіңдер. Енді осыдан былай сендер осы құнды дүниені оқып біледі, түсінеді. Және асыл қасиеттерді бойына сіңіреді деген сенімдемін. Сонда ғана сендер өзіңді және өзгені де құрметтеуді білер едіңдер .
- Меніңше бүгінгі ұрпағыңыздың сіздің ақыл, адамгершілік, ғылым, білім, ар, мінез - құлық мәдениеттілігіне байланысты айтылған тәрбиелі қасиеттеріңізді бойына үйретіп, санасына сіңіріп өсіп келе жатқанына мақтануға болады.
Сіз айтқан Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл - деген нақыл сөзіңіз шындыққа айналуда және Жүсіп Баласағұнның мына өлеңі дәлел бола алады:
Жер үстіне адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Өйткені, қазіргі күнде дамып келе жатқан еліміздің 50 елдің қатарына қосылуы үшін шет елдерде өнер, білім, ғылым тілін үйреніп, оқып жатқан жастарымыз өте көп. Қазіргі кезде жастар мен ересек адамдар ғана емес, мектеп жасындағы оқушылар бойынан имандылық, мейірімділік қасиеттерін көре аламыз.
- Мен жас жеткіншектерге мұсылман әлеміндегі ғұлама ойыншыларының бірі ақын, сопы философ Қожа Ахмет Иассауидің төмендегідей ақыл - өсиеттерін әр кез есте ұстап, өз өмірлерінде пайдалануларын ұсынар едім:
1. Ғалымдар сөзін естіп, өзіңді біл - деп оқып, білім алуға шақырады.
2. Жалған сөйлеп, имансыз кетпе , құр бекерге жалған сөйлеп, тілді безіп, дүние үшін иманың мен дініңді сатпа, сөзде де, істе де ұстамды бол деп ескертеді.
3. Ей, достар наданменен көңіл қоспа.
Наданмен өткен өмірің жетімшілік.
Надан болса, тозақ оған, болғай әзір...,
Дәме қылма надандардан қадір білмес,
Қараңғыда адассаң жолға салмас... - деп жақсы мен жаманды білуді меңзейді.
4. Рақым болып ғаріптерге шапағат еткің...,
Ғаріптерді көрген жерде қорламаңыз,
Ғаріптерге ашумен сөз қатпаңыз,
Сорлы екен деп, ғаріптерге тас атпаңыз,
Бұл дүниеде ғаріптердей адал болмас... - деген өлең шумақтары оларды (балаларды) имандылыққа, мейірімділікке, ғаріптерге қамқоршы болуға шақырады.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі заманауи үлгідегі сынып жетекші мен оқушы менің ойымша мынадай болса деп ойлаймын:
С - салмақты О - оқуға
Ы - ынталы Қ - қабілетті
Н - намысшыл У - уәдеде тұратын
Ы - ыждаһатты Ш - шығармашылық
П - парасатты Ы - ынталы тұлға

Ж - жан - жақты
Е - Еңбекқор
Т - талапшыл
Е - елгезек
К - кемеңгер
Ш - шығармашыл
І - іздемпаз маман

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№28 орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Тайтелиева Сагаткуль Кадирбековна


Скачать


zharar.kz