Электрондық оқулық бойынша жұмыс

Скачать

Сабақтың тақырыбы:
Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.
Жалпы мақсаты:
* Жер құрылысының жалпы сипаты және литосфера туралы жалпы түсінік алады.
* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой - пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс парағы
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу. Түрлі фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. Шырша клипі бойынша.
ІІІ. Өткенді қайталау:
1. Бұл мәлімет шындық па, жалған ба? стратегиясы арқылы.
1 - топ.
1) Жер беті глобуста нақты түсірілген.
2) Картаның глобустан айырмашылығы күнделікті сабаққа алып жүруге қолайлы.
3) Физикалық картада көк түспен тауларды белгілейді.
2 - топ.
1) Кез келген картада жоғарғы жағы – оңтүстік, төменгі жағы – солтүстік бағыттарын көрсетеді.
2) Географиялық карталар пайдалануына қарай сабаққа арналған, туристік, көлік жолдары т. б карталар деп бөлінеді.
3) Қамту аймағына қарай облыстық, мемлекеттік, материктік, дүние жүзілік деп бөлінеді.
3 - топ.
1) Масштаб – белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.
2) Масштабтың 3 түрі бар.
3) 1 см - де 1000 м немесе 1 см - де 5000 м – бұл сандық масштаб болып табылады.
ІҮ. Миға шабуыл стратегиясы
Ғарышты зерттеу оңай ма, әлде жердің ішін зерттеу оңайырақ па, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылардың ой - пікірлерін білу.
Ал олай болса біз бүгін Жер құрылысының жалпы сипатымен танысамыз.
Ү. Мағынаны тану. Менен сұрақ – сенен жауап стратегиясы
Ең алдымен бұл тақырып бойынша әр топ оқулық мәтінін пайдалана отырып оқып шығады. Содан соң сол мәтіндер бойынша сұрақтар құрады. Әр топтан 10 сұрақтан. Соңынан топтар сол сұрақтарды бір - біріне қояды.
ҮІ. Ой толғаныс.
1. Электрондық оқулық бойынша жұмыс. (Литосфера туралы)
2. Алтын балыққа арналған аквариум стратегиясы.
Жаттығудың сипаттамасы:
Барлығын түсіндім сұрақтарға жауап бере аламын деген оқушы ортаға шығып алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т. б.
ҮІІ. Бағалау: оқушылар өзін - өзі бағалайды.
ҮІІ. Кері байланыс. Кері байланыс парағын толтырады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Эссе жазу (Жер ішіне саяхат).


Скачать


zharar.kz