Балалар міне тамаша біз қазынаға жетік

Скачать

Тақырыбы: Ну орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың санасына ну орман тоғай туралы түсінік беру; өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап; балалардың психоэмоциялық қиналу күйін, өзін - өзі реттеу дағдысын қалыптастырып, дене түйсігі арқылы сезіну; жанасу түйсіктерін, ымдау, елестеу қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер: слайд, сенсорлы жол, құрғақ бассейн, жерасты жолы, суреттер.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Психолог:
Балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки бір - бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
Балалар: (Балалар, амандасу өлең жолдарын қимыл қозғалыс арқылы орындайды. Таза көңілмен амандасады, көңілденеді)
Психолог: Балалар, сендерге бір сұрақ, осы сендер саяхатқа шығып көрдіңдер ме?
Балалар: (балалар өз ойларын айтып жауап қайтарады)
Психолог: Ендеше бүгін біз қызықты бір сапарға аттануымыз керек, сол үшін өздерімізді аздап дайындап алайық. Ұнаған, ыңғайлы бір орынға жайғасып отырыңдар.
(Балаларды диванға жайғастырып отырғызу. Бөлменің жарығын өшіріп, электронды тақта қосылады. Экранда жұлдызды аспан суреті)

Психолог: - Дайынсыңдар ма, балалар?
Балалар:
- Біз саяхатқа шығуға дайынбыз.
Психолог:
- Сонымен балалар саяхатқа жол салайық. Мені мұқият тыңдаңдар. Денемізді бос салып, көзімізді жұмамыз.
- Елестетіңдерші! сендер балабақшада ұйықтап қалып бір ғажайып түс көріп жатырсыңдар. Түстеріңде сендер ну орманға тап болыпсыңдар.
(Бөлменің жарығын жағады да, балалар пальма банан ағашын, экраннан арыстан, жолбарыс, ілбісін тәрізді жануарларды көреді. Қосымша жан - жануарлардың, құстардың, судың дыбыстарын үн таспадан тыңдату)

Психолог:
- Бұл не өзі? Біз қайдамыз? Бұл ненің дыбыстары? Біз қайда тап болдық. Қане көзімізді ашайық.
Балалар:
- Бұл ну тоғайлы орман ғой мұнда әр түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер тіршілік етеді. Бұл солардың дыбыстары.
Психолог:
- Дұрыс айтасыңдар бұл ну орманды тоғай әр түрлі жабайы жан - жануарлар толы, құстар, жәндіктер мекені.
- Балалар қараңдаршы мына жатқан не?
(балаларға шөлмекті алғызып, айтқызу)
Балалар: Бұл шөлмек.

Психолог:
Шөлмектің ішінде бірдеңе бар екен қараңдаршы. Балалар бұл не өзі? Балалар: Бұл карта ғой.
Психолог: Дұрыс айтасыңдар бұл карта. Мұнда қазынаға апаратын жол белгілер беріліпті. Сендер қалай қарайсыңдар картадағы қазынаны тауып алайық па?
Балалар:
Йә картадағы қазынаны тауып алайық.

Психолог:
Балалар орман ішінде жүру өте қауіпті, орман ережелерін сақтау керек Сендер қандай орман ережелерін білесіңдер?
Балалар: Орманда айқайламау керек, ысқыруға болмайды, ағаш - бұтақтарын сындыруға, от жағуға болмайды.
Психолог: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше мұқият болып, берілген тапсырмаларды дұрыс, бірлесіп орындауымыз керек. Картада қызықты бір жол салыныпты, сол жол мынау.
Балалар:(Сенсорикалық жол, жолдан өтіп не сезгендеріңді айтып береді.)
Психолог: Сендер мына жолмен өткенде қандай сезімде болдыңдар?
Балалар:
- Асфальттың үстінде тұрғандай болдым.
- Атамның шапқан шөбінің үстінде тұрғандаймын,
- Мен жуынатын моншадағы аяқ астына қоятын тақтаның үстінде тұрғандаймын, мен томпақ, ұсақ тастардың үстінде тұрғандаймын т. б.
Психолог: Міне тағы да бір жол жатыр, бұл жолдан әр түрлі жануарлар тәрізді төрт аяқтап жүрулерің керек. (Іс-қимылдың үйлесімділіктің жолы.)
Психолог: Балалар бір дыбыс естіледі! Тыңдаңдаршы, ненің үні?
Балалар:
- Сарқырама ғой.
- Қандай әдемі.
- Керемет
Психолог: Иә дұрыс айтасыңдар, сарқырама қандай тамаша. Балалар сарқыраманың жағасында біраз серігіп алуға қалай қарайсыңдар?

Орман қандай керемет
Аюлар жүр барбаңдап
Қасқырлар жүр арбаңдап
Жапалақтар жалпылдап
Қояндар жүр орманда
Құлақтарын қалқаңдап
Секіріп-секіріп алайық орынымызға тұрайық.
Балалар: (балалар сергіту өлең жолдарын қимыл қозғалыс арқылы орындайды)
Психолог: Балалар енді көзімізді жұмайық. Орманың исін искейікші? Орманың иісі қандай екен? (балалар көздерін жұмып тұрғанда ауа тазартқышты ауаға себу)
Балалар:
- Мұрыныма самал тазалықтың иіс келді.
- Ағаштардың исі мұрыныма келді.
- Шөптердің әдемі жағымды исі мұрыныма жетті т. б.
Психолог: Балалар көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы алдымызда көл жатыр. Картаның жол белгісі бойынша көлдің ішінде әр түрлі тіршілік иелері жүзіп жүреді екен,
соларды тауып алуларың керек.(Құрғақ бассейн)
Балалар: (Бір - бірден көлге шомылып ішінен әр түрлі тіршілік иелерін тауып алып шығады. Су кірпісі, жылан, қолтырауын, балықтар)
Психолог: Балалар картаның жол белгісі бойынша сендер бір - бірлеріңнен қалмай жер асты жолмен өтіп жүрулерің керек.(Матадан тігілген жер асты жолы)
Міне енді сарқыраманың жағасына келіп жеттік. Сарқыраманың көрінісі қандай әдемі, қараңдаршы бұл қандай тамаша жер. Табиғатты қандай сұлу сендерге ұнады ма?
Балалар: - Йә сарқыраманың көрінісі әдемі.
- Табиғаты сұлу маған ұнады.
- Сарқыраманың ағынды суы адамды тыныштыққа бөлейді.
- Мұнда әр түрлі жан - жануарлар мекендейді екен.
Психолог: Дұрыс айтасыңдар балалар бұл ну орманды тоғайда әр түрлі жабайы жануарлар, құстар тіршілік етеді. Балалар енді картаның жол белгісі бойынша сендерге қазір құрастырмалар беріледі, сол құрастырмалар арқылы тақтадағы Ну орман тоғайдың бейнесін жинап беріңдер.
Балалар:(Тапсырманы көңілді әуен мен орындайды.)
Психолог: Балалар міне тамаша біз қазынаға жетік. Қазына мына сандықтың ішінде. Қане сандықты ашайық.
Балалар сандық ашылмады. Сандықшаның құлпында бізге тапсырмалар беріліпті тапсырманы орындасақ сандық ашылады. Ал сендер мына тұрған жануарлардың мінез дері туралы не айта аласыңдар? (экранда жан - жануарлардың суреттері беріледі)
- Мысалы жолбарыс қандай? Ол қорқынышты, денесінде ақ - қара жолақтары бар, ырылдайды т. б. Айтшы ол қандай?
Балалар: Жануарлардың түр сипатын, мінездерін сипаттап береді
- Аң патшасы арыстан айбарлы, жыртқыш, шаштары үрпиген, үлкен денелі.
- Ілбісін ну орманда мекендейтін, мысық тұқымдас жыртқыш аң, түр түсі қара.

Психолог: Балалар сандық ашылды (сандықтың ішінде балаларға арналған тәтті сыйлықтар жатады. Сыйлықтарды балаларға таратып беру).
Осымен біздің ну орманға саяхатымыз аяқталды. Балалар орындарыңа жайғасып отырыңдар. Біз бүгін қайда саяхаттадық? Не көрдіңдер? Не білдіңдер?
Балалар: Ну орманға саяхатта болдық, жан - жануарларды, құстарды, жыртқыш аңдарды көрдік. (Бөлменің жарығы жанады сабақ аяқталады.)
- Сонымен балалар бүгінгі шағын саяхатымыз өз мәресіне жетті. Балалар мені мұқият тыңдаңдар. Денемізді бос салып, көзімізді жұмамыз. Балалар оянамыз біз балабақшаға оралдық.


Скачать


zharar.kz