Тақырыбы: А - Ә жұп дауыстылар.
Ы. Алтынсарин. Әке мен бала
Сабақтың мақсаты. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ажырата білуге үйрету. Шығарма авторы жайлы түсінік беру. Мәтінді оқытып мазмұнын түсіндіре отырып, мағынасын ашу.
Дамытушылығы: Шығармашылық қаблеттерін сөздік қорларын дамыту. I
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой шақыру.
Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап
Оқып білім аламыз.
II. Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Өткен сабақты пысықтау.
Лездеме сұрақтар.
IV. Жаңа сабақ.
Көркем жазу.
Лл Лл Лл Лл
49 - жаттығу. Салыстырып оқы, көшіріп жаз.
ар - әр дау - дәу
ал - әл сат - сәт
аз - әз сан - сән
дал - дәл сал - сәл
- Бұлар қандай дыбыстар?
- Өзара қалай дыбысталып тұр?
Сөздік диктант.
Ата, баға, таға, дала, ұшақ, әке, шеше, сәби, кітап.
V. Сергіту.
- Ерте - ерте ертеде бір ауылда, шегіртке мен құмырсқа өмір сүріпті. Құмырсқа жаз бойы тынбай, еңбек етіп илеуіне дән тасумен болды. Құмырсқа өте еңбекқор еді.
- Ал шегіртке ала жаздай шырылдап ән салып күнін босқа өткізді. Жаз өтіп қыс мезгілі де болды. Құмырысқа дәнін жеп илеуінде жата беріпті.
Ал шегіртке қарны ашып, тоңып құмырсқаға келіп құмырсқа, құмырсқа маған тамақ берші илеуіңе кіргізші - депті. Сонда құмырсқа айтады сен.
- Жаз бойы босқа жүрдің.
- Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей,- деген мақалды білесің бе? дейді.
Бұл сөзден ұялған шегіртке өз жөніне кетеді.
Ертегі не туралы балалар?
Бүгінгі өтетін мәтініміз - еңбекке байланысты болмақ. Әке мен бала
VII. Шығарма авторымен таныстыру
Ы. Алтынсарин. 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген. Орынбордағы қазақ - орыс мектебін үздік бітірген.
Ол 1889 жылы 9 шілдеде қайтыс болды.
VIII. Мәтінмен жұмыс.
Оқып беру.
Тізбектеп оқу.
Сұрақ жауап арқылы түсінгендерін жинақтау.
1. Әкесі баласына неліктен тағаны алдырғысы келді?
2. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?
3. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
4. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
IX. Сергіту.
Мақалдар.
1. Еріншектің ертең бітпес.
2. Еріншек екі істер.
Талаптыға нұр жауар
Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
X. Қорытынды. Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Біз еңбек етіп жүрміз бе?
Біздің еңбегіміз не? Біздің еңбегіміз оқу.
XI. Бағалау.
XII. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу әңгімелеу.
Еңбекке байланысты мақал - мәтелдер жазып келу.