Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу

Скачать

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
КМҚК Балапан бөбектер бақшасы тәрбиешісі:
Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Тақырыбы: Біздің балабақша

Мақсаты: Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу.
Міндеттері: Балабақша алғашқы күнімен танысу, бейімделу күні болып есептеледі. Балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі үшін тобындағы өздері секілді бүлдіршіндермен таныстырады, балабақшаның әр бөлмесіне, демалыс бөлмесі, сахна, ойын бөлмесі т. б, ата - аналармен бірге саяхат жасайды. Жеке бастың тазалығы (гигиена) жайлы мәлімет береді.

Дамытушылығы: Баланың зеректігін, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері. Саусақтардың амандасуы
Бес бармақ өзінін басқа саусақтардың атын атап амандасады.
- Сәлеметсің бе, Балаң үйрек!
- Сәлем, Ортан терек!
- Амансың ба, Шылдыр шүмек!
Қалың қалай, Кішкене бөбек!

Бес бармақ кезекпен барлық саусақтарға ұшын тигізіп амандасады.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Мені шақыр ойын
- Азамат маған келші?!
Балалар осылай бір - бірін атын атап шақырады да жалаушаны бір біріне береді.
Жалауды алған бала рахметін айтып, өз орнына барып тұрады да келесі баланы шақырады
Балалар қуанып бір - бірінің соңынан тізіліп тұрады. Пойыз вагондары іркес - тіркес күйінде әр бөлмеге кіріп шығады. Тәрбиеші балаларға пойызбен саяхатқа баратынын хабарлайды
Тәрбиеші балаларды бөлме атауларымен, олардың қандай қызметке арналғандығымен таныстырады.

Тәрбиеші ойын ойнау барысында балаларға бір - бірімен мейрімді қатынас орнатуды ұсынады. Тәрбиеші қолына жалауша алып топтағы кез - келген баланы жылы шыраймен атын атап шақырады.
Балаларға жеке бастарының тазалығы(гигиена) туралы түсінік береді. Сүлгілері немесе киімдер ілінген шкафтан өздерінің сурет жапсырмаларын табуын сұрайды

Соңғы бекет әжетхана бөлмесі.
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.

Тәрбиеші сұрақтар қойып әр бөлменің атауларын дұрыс атауын қайталап айтуды ұсынады. Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады

Күтілетін нәтиже.
Біледі: - Бөлме атауларын, олардың қандай қызметке арналғандығын біледі.
Түсінігі бар: - Келген адаммен амандасу керектігі туралы түсінігі бар.
Орындай алады: - Балалар барлығы бірге жылулық шеңберін орындай алады


Скачать


zharar.kz