Жіңішке буынды сөздер

Скачать

№101 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Молдағажиева С

Фонетика тарауы бойынша оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс үлгілері

5- сынып оқушылары орта буынға өткенде, пән мұғалімдері оқушының қызығушылығы мен танымдық қабілетін арттыру жұмыстарына көбірек көңіл бөлсе, оқушы орта буынға тез бейімделеді. Осы орайда әр оқушының қабілетіне қарай жүргізілетін жеке жұмыстардың үлесі басым. Өз тәжірибемде әр тарауды немесе тақырыпты өткен соң, оқушының сабақты қалай меңгергенін, есінде қаншалықты сақтағанын жеке жұмыстар арқылы анықтап отырамын. Жас мамандарға көмек ретінде төменде, гі жеке жұмыс үлгілерін ұсынамын.
1. Семантикалық карта
БАЛМҰЗДАҚ
Сөз---Дауысты---Жуан---Жіңішке---Ашық---Қысаң---Еріндік---Езулік---Дауыссыз---Қатаң---Ұяң---Үнді

2. Көп нүктенің орнына –хана, -нікі, -дікі, -тікі, -кер, -кеш, -паз, -қой, -ғой, гөй жұрнақтарының орайлысын қойып көшір.
Омар...Жұмыс...Асхат...Аян...Сән...Ақыл...Айла...Білім...Қызмет...Шай...Мейман...Арба...

3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуын салыстырып, үлгіге қарап, айырмашылықтарын ажыратып, көшіріңдер.
Көп адам. кеше. Ата. Бір кезде. Бір адам. Жусан. Күлпаш. Ала кел. Жай отырма.
Жай қалма. Торы ала ат. Қара күрең. Сары қасқа. Көк есек. Ботакөз. Жаңа ауыл.
Жаңа ел. Жаңақорған.
Жазылуы Айтылуы Айырмасы жоқ

4. Тасымалданбайтын 10 сөз жаз:
5. Тек ашық буыннан тұратын 10 сөз жаз:
6. Үндестік заңына бағынбайтын 10 сөз жаз:
7. Дауысты дыбыс
Тіл қатысына қарай
Жақ қатысына қарай
Ерін қатысына қарай

8. Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын 10 сөз жаз:
9. Ә дыбысына аяқталатын 10 сөз жаз.

10. Дауыссыз дыбыс
қатаң
ұяң
үнді

11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды ата:
12. Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын айқындап, төмендегі үлгі бойынша екі бағанға жіктеп көшір.
Көрінбеді. Қолбасшы. Өнеркәсіп. Әкім. Ұшқышсың. Бүгін. Марженкүл. Күмісжан. Жанпейіс. Метр. Электр. Қант. Бұлт. Азсын. Күлдіргі. Күрек. Көкірек. Абайла Сабақ . Қызба. Кеще.
Жазылуы - Көрінбеді
Айтылуы - Көрімбеді

13. Кестені толтыр
Жуан буынды сөздер----------- Жіңішке буынды сөздер------------Аралас буынды сөздер

14. Екінші буынымды тап.
15. Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:
Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ, тор, сұл, та, пыш, рыш.
(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта)


Скачать


zharar.kz