Еңбек етудің әдемілігін сезінуге тәрбиелеу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас Балтабай Тәжімбетов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлең мазмұнынан ақынның күз тіршілігінің бейнесін шығаруын түсіндіру.
Дамытушылық: Өлең тақырыбы мен мазмұнындағы динамика қозғалыстағы тіршіліктің заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру арқылы талдау, ойлау, ізденуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге, ести білуге, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу. Еңбек етудің әдемілігін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, өз ойларын ортаға салу, топтастыру.
Түрі: Білім іскерлік пен дағдыны жетілдіру
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай құрылған слайдтар, оқулық, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу
Күтілетін нәтиже: Күзгі тіршіліктегі жан - жануарлардың қарбаласын сезіне отырып, өлеңнің мазмұнын ашу, еңбектене білуге баулу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз
2. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді?
Ұшқан ұя
Б. Момышұлы туралы не білесіңдер?
Атамыз өмірден өтсе де, әр жыл сайын қазақ деген елі еске алады. Олай болса Ұшқан ұя мәтіні бойынша топпен жауап берейік.
1топ - Батыр Бауыржан бабасы мен әжесін, әке - шешесін қалай еске алады?
2топ - Имаш ата немересіне қандай тілек айтады?
3топ - Бауыржан Момышұлының ерлігі жайлы не білесіңдер?


Скачать


zharar.kz