Айналу денелерінің проекцияларыСабақтың мақсаттары:Білімділік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Айналу денелерінің проекциялары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Айналу денелері туралы мәлімет беру, Конус, шар, цилиндрмен таныстыру Дамытушылық: сызбаларды оқу, орындау үшін оқушы білімін дамыту
Тәрбиелік: таза, сауатты сызба сызуға баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, сурет - сызбалар, журналдар, үлгі беттері, таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс: геометрия
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық бөлім:
II Үй тапсырмасын тексеру:
Призма, параллепипед, текше, пирамида геометриялық денелердің айырмашылықтарын айтыңдар
Алтыбұрышты пирамиданың проекциясын сызыңдар
III. Жаңа сабақ
Цилиндр мен конусты проекциялау. Егер цилиндр мен конустың табандарындағы дөңгелектер проекциялардың горизонталь н жазықтығына параллель орналасса, олардың бұл жазықтықтағы проекциялары да дөңгелектер болады. Бұл жағдайда цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары – тік төртбұрыштар, ал конустікі – тең бүйірлі үшбұрыштар болып табылады. Барлық проекцияларда симметрия осьтерін жүргізу керектігін және цилиндр мен конус сызбаларын салғанда соларды жүргізуден бастайтынын ескеруіміз қажет. цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары бірдей. Конус проекциясы туралы да осыны айтуымызға болады. Сондықтан бұл жағдайда сызбадағы профиль проекциялары артық. Бұдан басқа, Ø белгісі енгізілгендіктен, цилиндр мен конустың пішінін бір проекцияда беруге болады. Бұдан осындай жағдайда үш проекцияның қажет еместігі шығады. Цилиндр мен конустың өлшемдері h биіктігімен және табынының q диаметрімен анықталады. Цилиндр мен конустың изометриялық проекциясын салу тәсілдері бірдей. Бұл үшін х және у осьтерін жүргізеді, оларға қабырғалары цилиндр немесе конус табанының диаметріне тең болатын ромбылар салады: ромбыға іштей овал сызады.
Цилиндрді проекциялау
Конусты проекциялау
IV. Сарамандық жұмыс: 56 - бет, геометриялық денелерге байланысты орындау
V. Сабақты қорытындылау. Оқушылар өзара тәжірибе алмасу, пысықтау бөлімінде оқушының іс - әрекетін бағалаймыз, жинақтаймыз, оқушы ойланады, табады, салыстырады, талдайды, байланыстырады, жауап береді
VI Бекіту кезеңі. Оқушылармен сұрақ - жауап, ой - толғаныс айту, тосын сұрақтарға жауап алу, оқушыларды бақылау, бағалау, мадақтау, ескерту жасау, әділ бағалау
VI I Үйге тапсырма беру.§23 оқу, мазмұндау, қайталау.


Скачать


zharar.kz