Тақырыбы: Аяулы аналар
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана - жүрек. Ана - тірек, тіректі құрметте!
Ана - шыңың, шыңына сағынып жет!
Ана - күнің, күніңе табынып өт!
Иә, шынында да, Ана - құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы – аяулы аналар!
Құрметті қонақтар! Қарлығаш тобы бүлдіршіндерімен өткізілгелі отырған Аяулы - анашым! атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
- Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ән: Апатайым – анашым!
- Қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік.
Ақсезім:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Марғұлан:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аян:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін:
Аян:
Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Дамир:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
- Ал, бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық!
Ән: Құттықтаймын мама туған күніңмен!
Ақерке:
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған!
Іңкәр:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Саян:
Сөздеріңді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым!
Рамазан:
Анам менің Айым дейді
Мен мұңайсам Уайым жейді.
Айберген:
Анам менің Күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Қарақат:
Жаным дейсің мені
Жаратушым бір сенсің.
- Зайни, Ақсезім, Гүлсезімнің орындауындағы Кел, билейік! әнін тамашалаңыздар.
Зайни:
Таң қалғандай ғалам
Кім ең сұлу адам
Ол - менің аннам.
Кәусар:
Боташым дер саған
Кім сүйікті адам
Ол – менің анам
Гүлсезім:
Айналайын, анашым
Көкте нұр боп жанасың.
Нұркелді:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Әйгерім:
Анамызды сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
Ақберен:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым!
- Қуыршақ әнімен Кәусар, Қарақат, Ақерке, Іңкәр, Әйгерім шығады. Қошеметтеп, қол соғып отырыңыздар, құрметті аналар!
- Міне, керемет, жігіттер!
Арландай, тарландай, біздің жігіттер!
Би: Жігіттер
- Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам - дей отырып кезек ата - аналармен ойынға беріледі.
Ойын: Сөз құра
Шарты: Сіздерге әріптер беріледі, екі топ мен айтқан сқзді жарыса отырып құрау қажет. Бірінші орындаған топ жеңімпаз болады. Ойынға 6 адам қатысады.
А Н А
Ә Н Е
Ә К Е
- Тобымыздың бүлдіршіні Сапарғали Гүлсезімнің анасымен бірге дайындаған көрінісін көріңіздер!
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!- дей келе аналармен бірге ойын.
Шарты: Ойынға 3 адам керек. Берілген сөзіне қарай, әнді ыңылдап түсіндіру. Шешімін көрермендер түсіндіреді.
- Құрметті аналар! Бүлдіршіндеріміз апайларымен бірге дайындаған кішкене жүрегіндегі жылы лебіздерін сіздерге тарту етеді.
- Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе алып келсін.
Сөз ата - аналарға беріледі.