Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс - әрекет түрі: Экология.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағұлымат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайт суреттері жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, көкөністер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кел, балалар келіңдер, дөңгелене тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Айналаға қарайықшы көз салып,
Бізді қоршап тұр ғой міне табиғат
- Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайт суреттері)
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.
Сергіту сәті; кәне тұрайық, біз бой жазып алайық.
Ормандағы аюдың,
Қүлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Жарайсыңдар балалар, біз қозғалып бой сергіттік, жүрдік.
Олай болса біз ойын ойнайық.
Сұраққа гүлдерді жинау арқылы жауап береміз.
Біз қандай табиғатқа жатамыз? Бала жауабы.
Сусыз тіршілік болама?
Тас өсіп көбейе ме?
Сиырмен бақа тірі табиғатқа жатама?
Сен тағы қандай тірі табиғатты білесің?
Жақсы балалар, келесі ойынымыз жер, су, тас жер - дегенде тұрамыз, су - қолымыз алда, тас - қимыл көрсетіп қатып қаламыз. Қозғалған бала тақпақ айтады.
Оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қоршаған орта, табиғат туралы білді.
Игерді: табиғат ерекшеліктерін еске сақтап, әңгімелеп айтуды.
Білді: табиғатты қорғап, аялай біледі.