Абай дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі - табиғат лирикасы

Скачать

Абай - дана, Абай - дара қазақта
Мақсаты: Оқушылардың Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, даналық сөздерін оқытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып егеменді еліміздің жас жеткіншектерін жан – жақты жетілген адам атына лайықты азамат қылып қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы папка, кітаптар көрмесі, ақын жайлы құнды пікірлер, жылжымалы экран, слайд т. б.
Қазақтың бас ақыны - Абайдан асқан бұрын - соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Ұлы ақын Абайда осы үш қасиет те болған
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге,-

деп С. Торайғыров атамыз айтқандай, Абай - туған халқының, болашақ өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Олай болса, ашық тәрбие сағатымызды ауданаралық домбыра сайысында 3 - орын алған Меңдібаев Ерсінбайдың орындауындағы Адай күйімен бастайық. Қарсы алыңыздар!

Абай дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Оның жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері 1886 - 1890 жылдар аралығында, ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Жаз , Қыс , Күз , Жазғұтұры өлеңдеріне құлақ түрелік.


Скачать


zharar.kz