Мақсаты:
білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау, салыстыру қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: құрастыру арқылы балалардың қиялын шыңдау, есептерді шығару арқылы еске сақтау, ойларын жинақтау, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: санау, құрастыру, сұрақ - жауап, жұмбақ, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: сандар, үлестірмелі құралдар, тақта, геометриялық пішіндер. Оқу іс - әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз)
- Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата? (көктем мезгілі, үш айы бар наурыз, сәуір, мамыр.)
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1 тапсырма: Геометриялық пішінді ата? Пішіндерді қолданып бейнелерді құрастыр.
2 тапсырма: Көрші санды тап.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық 2, 3, 4, 5 алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Біз шынығып алайық
Математикалық жұмбақ – есептер шешсін
Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді, Қасына келді тағы бір күшік. Болады сонда қанша күшік?
Ағашқа қонды төрт торғай, Оған келіп қосылды бір торғай Болды сонда барлығы неше торғай?
Алтыдан бірді алайық Қанша қалды қарайық Қарайық та санайық Санайық та табайық Табақта үш алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады неше алма?
Ойындар Не артық? мақсаты: Балалар сурет ішіндегі артық затты табу.
Не өзгерді? мақсаты: заттардың санын санау арқылы, жоқ, орны ауысқан затты табу.
Логикалық сұрақтар: Үш бұрыштың неше бұрышы бар? Дөңгелекте бұрыш болама? Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... Күшік жүгіреді, ал қарлығаш.... Тасбақа жүреді, ал балық....
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстырады пішіндерді ажырата білді, логикалық сұраққа жауап береді.
Игеру: Неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды үйренді.
Меңгеру: Өз бетімен іс - әрекет жасап, математикалық есептерді шығара алады.