Қазақ халқы өте қонақжай халық

Скачать

Математика. Ашық сабақ. 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдері пысықталады; Сабақ халық педагогикаға сүйеніп, оқушылардың білімін тексереді. Ұлттық салт - дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ой - өрісі дамиды, пәнге қызығушылықтары артады. Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлейді, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: киіз үй макеті, ұлттық ойындардың суреттері, кестелер, геометриялық фигуралар, домбыра, ұлттық тағамдар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу; - түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

- Психологиялық дайындық: - Амансың ба Алтын күн!........
2. Математикалық диктант:
- 3 - ші разрядтың 7 бірлігі, 2 - ші разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз.(750)
- 2 - ші кластың 80 бірлігі, 1 - ші кластың 30 бірлігі бар санды жаз. (80. 030)
- 4 т неше кг бар? (4000 кг)
- 500 кг неше ц? (5 ц)
- Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
- 2 тәулік 8 сағ – неше сағат? ( 56 сағ)
3. Жұмбақ: Бар екен бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдарға денесінде
Ішінде сүйектері бақша - бақша
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде. ( Киіз үй)
- Балалар, киіз үй тралы не білесіңдер? ( Мәлімет)
Тақтада 4 оқушы өз бетімен жұмыс жасайды. (Көбейту мен бөлу)
73 х 24
64 х 35
751. 410: 9
78. 120: 2
- Шаңырақ қандай геометриялық фигураға ұқсайды? ( дөңгелек, шеңбер)
- Ауызша өрнектердің мәнін табу:
66: 22 х 20
12 х 4: 2
15 х 5 – 40
10 х 80: 4
40 х 4 – 60
450: 9 + 10
4. Жұмбақ:
Жайсаң – көлдей керілген,
Жисаң жіптей өрілген.
Бұл не? ( Кереге)
- Балалар, кереге неге ұқсайды? ( қиылысқан түзулерге)
( Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. Бұл не? Бұл - Х)
Тапсырма: енді теңдеулер шешеміз.
Х: 9 = 101
50 х 2 + Х = 1500
10 х Х = 25 х 8
5. Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?( Уықтар)
Келесі тапсырма: Нүктелердің орнына дұрыс сан кою керек.
6 мин 20 с -.............. с
4 тәул 5 сағ -............. сағ
25 дм -.............. см
352 кг -.......... ц................ кг
6 км 50 м -................. м
- Есік қандай фигураға ұқсайды? ( төртбұрыш)
Тапсырма: а) төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 3 есе артық. Төртбұрыштың Р, S табыңдар.
ә) Төртбұрыштың ұзындығы – 4 см, периметрі – 18 см. Осы төртбұрыштың енін, ауданын табындар.
- Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды? ( түзу, қисық)
Ауызша тез санау:
5600: 100: 7
3600: 6: 100
710: 10 х 2
720: 9 х 10
100 – 280: 7
8500: 100 х 2
6. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып тұрады.
- Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?( еттен, сүттен, ұннан жасалған)
Есеп шығару.
Нан зауыты 420 ц - ден 10 вагон арпа және 500 ц - ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа бидай ұнынан қанша артық?
1) 420 х 10 = 4200(ц)
2) 500 х 8 = 4000 (ц)
3) 4200 + 4000 = 8200 (ц)
4) 4200 - 4000 = 200 (ц)
Жауабы: барлығы 8200 ц ұн қабылданды.
Жұмбақ: Тоғыз белбеу,
Қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)
Домбыра туралы мәлімет.
Тақтада: баған түрінде есепте:
73 х 56
4088: 56
48 х 65
3120: 65
64 х 53
3392: 64
8. Қандай қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер?
( Бәйге , Қыз қуу , Көкпар , Бес тас , Асық , Ақ сандық пен көк сандық , Аударыспақ , Аңшылар т. б.
- Қазір Қыз қуу деген ойынды ойнаймыз. Тақтаға қыз бала мен ұл бала шығады. Кім тез мына өрнектердің мәнін таба алады.
( 8141 + 6143): 4
( 7168 – 1248): 5
( 181403 – 76403): 100
(72011 – 9999) х 3
Ойын: Бәйге . Кім шапшаң? Тақтада 3 оқушы.
13 х 35
12 х 29
34 х 22
76 х 24
56 х 48
47 х 34

Қорытынды: - Бүгін сабақта нені үйрендік? – Не ұнады? – Қандай әсер алдыңдар?
Үйге: № 9. Бағалау


Скачать


zharar.kz