ТТШТ технологиясы бойынша тәрбиешілерге арналған теориялық минимум (С. И. Гиннің еңбегінің аудармасынан)
ТТШТ — ойлап тапқыштық тапсырмалардың шешілу теориясы, автор - ойлап тапқыш, қияли жанрда жазушы Г. С. Альтшуллер.
ШЕД — шығармашылық елестетуді дамыту, РТВ курсы — ТТШТ - нің құрама бөлігі.
- бір нысанды бір біріне қарама қарсы аудару. Мысалы: бір нысан жақсы және жаман, үлкен және кіші, мықты және әлсіз, ыстық және суық т. б.
Қарама - қайшылықты шешудің тәсілдері — белгілі бір нысан қарама - қайшы белгілерге ие болатынын түсіндіретін анықтама.
Қарама - қайшылықты шешудің жиі кездесетін тәсілдері:
Уақыт -
Бір уақытта белгілі бір нысан қарама - қарсы белгілерге ие болады. Мысалы: сүңгі мұздар. Басында ұзын, кейіннен еріп кішкентай болады. Бір мезетте ұзын, бір мезетте қысқа болулары мүмкін.
Кеңістікте -
Нысанның бір бөлігі басқа қасиетке ие. Мысалы: үтіктің асты ыстық, сабы салқын болады.
Жүйеде -
Басқа нысандармен бірге белгілі бір нысанның басқа қасиетке ие болуы. Мысалы: сіріңке қатты және әлсіздері болады. Кейбірі оңай сынса, кейбірі оңайлықпен сынбайды.
Қарым - қатынаста -
Белгілі бір нысан біреу үшін жақсы болса, басқа біреуге жаман. Мысалы: фильм біреуге ұнайды, басқа біреуге ұнамауы мүмкін.
Жүйе — элементтері жеке қасиетке ие бола алмайтын жиынтықтан тұратын нысан. Мысалы: ұшақ. Оның элементтері - қанаттары, кабина, дөңгелектері, қозғалтқыштары бар. Оларды белгілі бір ретпен орналастырса, ұшуға арналған ұшақ шығады.
Ішкі жүйе – жүйені құрайтын негізгі бөлшектер.
Жоғарғы жүйе — қарастырылатын жүйе бөлік болып табылатын жоғары дәрежеге ие жүйе.
Жүйелік оператор — нысанның өткенге, қазіргі, болашақтағы жүйе, ішкі жүйе және жоғарғы жүйесінің сараптамасы.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 балабақша меңгерушісі
Нурпеисова Мереке Зулкарнаевна