Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе - жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі

Скачать

Біз ұстаздар қауымы, мамандығымыздың қасиетті де құрметті екендігіне мақтанамыз.
Мақтанамыз, себебі біз әлемге мұғалім болып жіберілген Мұхамад Пайғамбардың салып кеткен сара да, дара жолының мұрагеріміз, әлемнің екінші ұстазы - Әл - Фараби бабамыздың ізбасарымыз, ағартушылық қызметтің өшпес жұлдыздары - Ыбырай, Абай, Ахметтердің ұрпағымыз, Кембридж бағдарламасын алғашқылардың бірі болып игерген, Выготский, Пажарес, Маслоу сынды оқушыны сан қырлы зерттей алған ұлы психологтардың ілімімен сусындап, тәжірибесінен оқып үйренген ұстаздар қауымы және де біз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы - бүгінгі жастардың тәлімгер ұстазымыз.

Жер бетінде қанша ел болса, әр елдің өзіндік мәдениеті, қалыптасқан салт - дәстүрі мен білім беру жүйесі болады. Біздің мемлекетіміздің де білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізілуде. Жаңа заман – қай кәсіпте болмасын жаңашылдықты талап етеді. Бүгінгі таңда қазақстандық мұғалімдердің іс - тәжірибесіне білім беру жүйесі жағынан әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген Кембридж тәсілі енгізілуде. Кембридж тәсілі бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің көкейінде жеті модулді қалай сабаққа енгіземін, бұдан әрі қалай жұмыс жасаймын деген сауал тұрады, ол орынды, әрі қалыпты. Сонымен қатар оны іс - жүзінде іске асыру, оқушы көңілінен шығу, дәлелдемелер мен материалдар жинақтау мәселесі тағы бар. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі.
Оқушыларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Сондықтан, мұғалім үнемі ізденіп, жаңашыл болуға және әрдайым өз білімін жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс.


Скачать


zharar.kz