Сандардың жуық мәндері

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отарып, осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: сандарды жуықтаудың, дөңгелектеудің әртүрлі жағдайын дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер
Сабақтың әдістері: ойын, сүрақ жауап
Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
Көшеде 4 қаз Анар, Марал, Нүргүл, Гүлнар дөңгелене тұрып әңгімелесті. Көк көйлекті қыз (Анар, Марал емес) сары көйлектегі қызбен Нүргілдің арасында тұр. Қара көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Гүлнардың арасында тұр. Әрбір қыз қандай көйлек киген?
Көк Сары Қызғылт Қара
Аты
Анар
Марал
Гүлнар
Нұргүл
1 - тапсырма.
1) Санның кемімен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтамыз? Мысал келтіріңдер
2) Санның артығымен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтады? Мысал келтіріңдер.
3) Санды дөңгелектеу дегеніміз не? Мысал келтіріңдер:___________
2 - тапсырма. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:
1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646; 915;
2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885; 946;.
3 - тапсырма. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:
1) 2, 4* = 2, 5;
2) 9, 35* = 9, 35;
3) 14, 67* = 14, 68;
Мұғалім жетелеуімен.
- Оқушылар, бәріміз қазақтың тұңғыш ғарышкерін білеміз бе?
- Тоқтар Әубәкіров.
- Ия, дұрыс. Ендеше осы ғарышкеріміз туралы бір мысал қарастырайық:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан СоюзТМ - 13 кемесімен ғарышқа ұшып, 10 қазанда жерге қонды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарыштан ауданы 40 000км2құраған Арал теңізінен көтерілетін тұзды шаң борамасын зерттеді. Осындағы сандардың қайсысының дәл мәні алынған, қайсысының жуық мәні алынған? Жуық мәні алынған сан қай разрядқа дейін дөңгелектенгендігін тауып көрейік?
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық - орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс:
№1252, 1255 (1 - 2)
Оқулықтан тыс тапсырма.
Ит үйден 20м қашықтықта тұр. Мысық үйдің ит тұрған жағында, үйден 30м қашықтықта тұр. Марат ит пен мысықтың ортасында тұр. Марат үйден қандай қашықтықта тұр?
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезең.
Бекітуге арналған сұрақтар:
372 секунд шамамен неше минутқа тең?
А) 5мин; В) 6мин; С) 4мин; Д) 7мин.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма №1260(4), 1261(3)


Скачать


zharar.kz