Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Кужаева Нургуль Жумабаевна
Тобы: "Балдәурен" ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Менің Қазақстаным - менің болашағым!"
Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту. Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Отан туралы мақал – мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіру. Отан туралы тақпақтар жаттатып, өлеңдер айтқызу.
Әдіс - тәсілдер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, әңгіме, ойын, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, бейнебаян. Билингвалды компонент: Қазақстан - Казахстан - Kazakhstan, Елбасы - Президент - President, астана - столица - capital, рәміздер - символы - symbols.