Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Математика 5 класы
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшек тақырыбын пысықтау;
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау;
Ондық бөлшектерге амалдарды кеңінен қолдануын тексеру;
Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу, адамгершілік тәрбие беру;
оқушылардың ойлау, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: тақырыпты бекіту
Сабақта қолданатын технология: Блум таксономиясы; СТО стратегиялары
Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың барысы
І. Қызығушылығын ояту а) сабаққа дайындығын тексеру; ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін Қызыл өрік биін билеу.
б) топқа бөлену (3 мин)
ІІ. Танып білу Әр топ сұрақ қойылады (12мин)
1. Ондық бөлшектерді қосу
2. Ондық бөлшектерді азайту
3. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту; 10, 100, 1000 т. с. сандарға көбейту
4. Ондық бөлшектерге көбейту; 0, 1; 0, 01; 0, 001 т. с. с сандарға көбейту
5. Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу; 10, 100, 1000 т. сс бөлу
6. Ондық бөлшектерге бөлу; 0, 1; 0, 01; 0, 0001 сандарына бөлу
ІІІ. Түсіну Әр топ 10 есеп құрастырып қалған әрбір топқа 2 ауызша шығарылатын есеп қояды. (12 мин)
ІV. Қолдану Математикалық марафон 7мин
25 есеп беріледі
1) Е 0, 004+16
2) К 1, 08+2, 11
3) Қ 14+0, 01+0, 009
4) Л 0, 37+7, 402+0, 6005
5) Ң 0, 82 - 0, 4
6) І 0, 9 - 0, 09
7) Ө 2 - 0, 7
8) З 18, 9 - 9
9) Ы 60, 5 - 2, 38
10) С 12 -(5, 5 - 0, 45)
11) С 0, 25˖2
12) Е 500˖0, 0254
13) Д 0, 014˖7, 5
14) Ө 10, 2˖0, 1
15) Р 0, 243˖10000
16) К 6: 0, 8
17) І 9: 0, 36
18) 13, 2: 2, 4
19) 12, 4: 0, 031
20) 5, 5: 100
21) 37, 64 - 290, 4: 4, 8
22) 9, 89+10, 11: 2, 5
23) (83, 76+639, 84): 6, 7
24) 43, 16(3, 4+1, 8)
25) 18: 2, 4+32, 6
V. Талдау Кубизм стратегиясы 5мин
1жақ. Ондық бөлшектер мен жай бөлшектердің айырмашылығын табу;
2 жақ. Есеп шығару а) 37, 64 - 1, 34˖(290, 4: 4, 8) б) 15 -(9, 89+10, 11: 2, 5)
3 жақ. Текстік есеп. Саяхатшылар бір күнде 21, 9 км жүрді. Түске дейін олар, түстен кейінге жүрген жолдан 6, 3 есе артық жүрді. Түске дейін қанша километр жүрді? Есепте теңдеу құру арқылы шешіңіз?
4 жақ. Теңдеу шешу. а) (х+9) ˖2, 05=200, 4 ә) 4, 8у - 2, 5у=4, 35
5 жақ. Ондық бөлшек пен жай бөлшектің арасындағы байланыс
6 жақ. Ондық бөлшек біздің өмірімізде.
VІ. Кестені толтыру. Тігінен де, көлденен де 4, 8 саны шығу керек 5 мин
Математика пәні мұғалімі Укибаева С. Т.