Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Аққала – ақ бала М. Мақатаев.
Мақсаты: а) Оқушылардың таным мүмкіндігін кеңейту, өлеңнің мазмұнын ашу.
ә) Түсінік бере отырып сөздік қорын молайту
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: жаңа білім
Әдісі: сыни тұрғыда ойлау
Көрнекілігі: Интерактивті тақтаға жазылған сөздер, мазмұнды суреттер, слайд.
Күтілетін нәтиже: Өлеңнің мазмұнын аша алады топта, жұпта жұмыс жасайды өз ойын еркін айта алады.
Сабақтың барысы
- Психологиялық дайындық
- Шаттық шеңбері Қар лақтыру ойыны
- Бұл ойын жылдың қай мезгілінде ойналады?
Қыс айларын атайық?
Топқа бөлу
І топ желтоқсан
ІІ топ Қаңтар
ІІІ топ Ақпан
Жұмбақ Шанамен зырлап желетін
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Қыста қардан не жасап ойнаймыз?
- Аққала
- Бүгінгі сабағымыз М. Мақатаев Аққала - ақ бала
Мағынаны тану
- М. Мақатаев туралы мәліметпен таныстыру.
- Мәнерлеп тізбектеп оқу.
- Сөздікпен жұмыс.
Дамытушы сұрақтар:
Өлең қай мезгіл туралы айтылған?
- Ақын өлеңді қандай көңіл күйде хабарлайды?
- Өлеңде ақын нені сағынады?
- Өлеңде ақын балаға қандай тілек айтады?
- Ақбала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?
Өлең шумағына байланысты мақал шығарайық
.........
Баланың әрбір қадамы, Әрбір күніңнің көңілді өткені
Ананың көз қуанышы. Денсаулығыңа көңіл бөлгені.
Топтық жұмыс.
Зерделеу:
І топ Қыстың көңілді күніне әңгіме жазу
Іздену:.
ІІ топ Сурет бойынша ертегі жаз.
Суреттеу:
ІІІ топ Қыс келбеті тамаша қима суреттер.
Әр топ мүшелері ұсыныс, пікірлерін білдіреді.
Ой толғаныс РАФТ
Рол: өз атыңнан
Аймақ: сынып
Форма: хат
Тақырыбы: Қар
Бағалау. Рефлексия
- Қаншалықты білім алдым деп ойлайсың?
Бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды
8 - 9 - 5
7 - 6 - 4
5 - 4 - 3
3 - 2 - 2
Үйге тапсырма: Өз таңдаулары бойынша
Өлеңді жатқа айту.
Ұнаған жерін жаттау.
Мәнерлеп оқу.