Армысыз қайырымды аспан - ата

Скачать

Тақырыбы: Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Амандасу. Хормен.
Армысыз қайырымды аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер – ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсізер ме, қонақтар мен апайлар!
Жүргізуші: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимініміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Менің Қазақстаным!
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжмеденов, Н. Назарбаев
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Құттықтау сөзді балабақша меігерушісі: Б. О. Базарбаева ханымға беріледі.
Жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімен күн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елім
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарға кезек берейік.
Хидаят: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
Жансұлу: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Кәусар: Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Алмаз: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдарын.
Жүргізуші: Енді балалар Тәуелсіздік елдің білімді ұрпақтары атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
1. Қазақстан қандай ел? Егеменді, Тәуелсіз мемлекет
2. Еліміздің рәміздерін кім атап береді? Ту, Елтаңба, Әнұран.
3. Елордамыз қалай аталады? Астана қаласы.
4. Қазақ елін кім басқарады? Н. Назарбаев.
5. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Орыс, неміс, қытай, өзбек, т. б.
Жүргізуші: Балалар өте жаөсы ойнадыңдар. Сендер өз елдерің жайында мағлұматты көп біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет.
Жүргізуші: Би Асатаяқ
Тақпақтар:
Айтөре: Отан – менің ата анам
Отан – досым бауырым
Отан – өлкем Астанам
Отан – туған ауылым.
Иманәлі: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Қарақат: Рәмізім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәмізім Ән ұран ту елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жан кісі.
Шұғыла: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жүргізуші: Ар намысты асқақ рухты ата бабамыз аңсап күткен, келешек ұрпаққа жарқын жол көрсеткен азаттық пен тәуелсіздігі жарқын болашақ өміріне үлкен үміт пен армандарына қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Хор: Отан
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет.
Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz