Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылар бойындағы дағдылардың тәжірибе жүзінде іске асырылуын қадағалау
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, ой қорытуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, белсенділіктерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту
Тәрбиелік: Тіл байлығына, ой еркіндігіне баулу, мақал - мәтел, тұрақты сөз тіркестерін меңгеруге дағдыландыру
Сабақ түрі: Шығармашылық
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, ізденушілік, салыстыру, оқыта - үйрету ойындары
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа парақтары, сызба
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін - өзі тану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) сыныпты түгендеп, сабаққа көңіл аудару
II. Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру
III. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шығармашылық жұмыстар кезеңі
Тапқырлар талғамы.
Бірінші қатардағы сөз меншіктің иесі мағынасын білдіреді, сол мағыналарына қарай отырып, меншік мағыналы сөзді қойып, тіркес жасату.
елдің тірегі кітаптың...
гүлдің... әңгіменің...
сөздің... атаның...
баланың... әкенің...
таудың... киімнің...
тамақтың... қаланың...
біздің... жердің...
Өзіңді сынап көр.
Көру және есте сақтау диктанты. Берілген шағын мәтінді бірнеше рет оқып, есте сақталғанын жазып шығу.
Ізденіс - білім негізі.
Интерактивті тақтада берілген тұрақты тіркестердің синонимдерін табу.
Сөзге келу, бетінен оты шығу, сыбағасын алу, жақ ашпау, езу тарту, көзі шарасынан шығу.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Антонимдік мағынадағы мақал - мәтелдерді айту.
Мысалы: Ашу - дұшпан, ақыл - дос.
Сергіту сәті.
(Көзімізді жұмып, көз алдымызға елестетеміз ).
- Мен күнмін. Айналама жарық сәуле шашқым келеді. Жылуымды төксем деймін.
- Мен құмырсқа сияқтымын, тынымсыз еңбек етіп, өз мақсатыма жеткім келеді.
Менің қиялымдағы суреттер.
(Сөзбен сурет салу)
Оқушылар үйде салып келген суреттері бойынша сөйлейді.
(Тапсырманы орындау сәтінде оқушылардың өрелерінің биік, талғамдарының жоғары екендігін байқадым).