Баяндама: “Қазақстандық патриоттық сезімді бала бойында қалыптастырудың жолдары”
Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекшісі орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір саналы азаматтың ісі. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің дербес тәуелсіздігін жариялатқаннан кейін ҚР ҚК - ін құру туралы Президент жарлығы шықты.
Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт - дәстүрлерінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл – қыздары екінші дүниежүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы
Тассуат орта мектебі, АӘД пәнінің оқыту - меңгерушісі
Оспанов Асқарбек Зекенұлы