Тақырыбы: Тірек сигналдары арқылы оқытудың тиімділігі
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты: жан - жақты білімді, өзіндік ой - талғамы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру және оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде менің басшылыққа алып отырғаным В. Ф. Шаталовтың шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тірек сигналдары арқылы оқыту әдісі және білімді бағалаудағы рейтинг. Бұл технологияларды қолдана білу оқушылардың табиғи қабілетімен дарындылығына көп мүмкіндік береді.
Географиядан білім дағыларын меңгерту, ойлау, қызықтыра жетелеу, жеткізіп айту, ете сақтау қабілетерін дамыту үшін әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады.
1. Оқулықпен жұмыс жүргізу;
2. Картаны оқу және номенклатураны жатқа білу;
3. Кесте, график, диаграмма, тірек сызба құру;
4. Тесттік жүйе қолдану;
5. Іздену, реферат жазу;
Соның ішінде тірек – сызба арқылы сабақ өту география сабағын көп жеңілдетіп, оқушылардың көз алдында, ойында сақтау, түсінік сөзді қысқартып, нақты ойын жеткізуге өте қолайлы екенін өз тәжірибемде көзімді жеткіздім. Мәселен жалпы білім беретін мектептегі 6 сыныптарға арналған География пәнін оқытуда әртүрлі дәрежедегі тірек сызбаларын құрастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту маңызы зор.
Жаңа оқу бағдарлама бойынша жасалған тірек – сызбалар оқулықты негізге ала тұрып және мұғалімнің өз қосымшаларын енгізу арқылы жетілдіріліп құрастырылады.
Осы мақсатта оқулықты пайдалана отырып әр тақырыпқа түрлі тірек – сызба құрастыруға болады.
Бұл технология бойынша 100 % үлгерімге жетуге мүмкіндік бар. Тірек - сызбаларды орындау барысында жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайытын педагогиқалық мониторинг құруға болады.
Оқушылар ой операциялары, есте сақтау, зейін, елестету, тілдесу және ақпарат көздерімен жақсы жұмыс істейді. Мектеп бағдарламасы ауқымынан асып, мұғалім жетекшілігімен түрлі ғылыми жұмыстар жасайды.
Жер сілкіну күшін тіркейтін халықаралық кестесінің түрлері
MSK - 64 1964 жылы 1984 жылы
Шкала кесте Үшеуі кесте құрды MMSK - 84
С. Медведев - КСРО толықтырылған
В. Шпонхойер - ГФР шкала кесте
В. Карник - Чехия
Зерттеулерде көрсеткендей әр оқушы білімді қабылдауда түрлі жолдарды қабылдайды. Кейбір балалар лекция тыңдауды жақсы көрсе, енді біреулері білімді кітап оқудан іздейді. Ұстаздар әрқашан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытуда оқытудың әр түрлі стилін қолдануды ұмытпауы керек. Қоғам дамуының ең басты шарты - шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін ұстаздардың кәсіби шеберлігі жоғары болуы қажет. Демек шәкірт құзіреттілігі ұстаз құзіреттілігінен бастау алады.