Коучингтің тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар [ b]
Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша коучинг сабағының жоспары.
Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар
Мақсат: Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20 - 21 б.
Күтілетін нәтиже: Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Слайд - презентация, үлестірме қағаздар, суретшілердің суреті,
түрлі - түсті стикертер
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ - жауап, түсіндіру әдісі
Болжау стратегиясы,
Ой толғау тапсырмасы
Дерек көздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар: Топтық талдау, болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру, зерттеу
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеті
І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Коучтың іс - әрекеті
Көтеріңкі көңіл орнату үшін Мен елімді сүйесін тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет.
Толық нұсқасын жүктеу