Бес жолды өлең стратегиясы бойынша Ана тақырыбына өлең жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев Ардақты ана
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлең мазмұнын оқып, идеясын ашу арақылы ана тақырыбын кеңейтуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: Өлеңді талдау, оның көркем тілі арқылы шығармашылық жұмыстар жасауға жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлттық салт - дәстүр тәрбиесінің ұлылығын сезіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технология элементтері
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: қосымша мәтіндер, ана туралы әндер, плакат, маркер, гүл күлтелері, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын пысықтау.
І. Қызығушылықты ояту.
1 - слайд. Лездеме сұрақтар:
- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
- Жүрегі жылы кім?
- Құшағы кең кім?
Ана тақырыбында ән тыңдалады.
2 - слайд. Топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс түрі.
1) Жұпта
2) Топта ой бөлісіп, ортақ ойды қағаз бетіне түсіреді. Анашым аман болшы! атты хат жазу.
ІІ. Мағынаны тану.
3 – слайд. Өлең тақырыбымен, автормен таныстыру.
Өлеңді іштей оқыту.
Түртіп алу стратегиясы бойынша тапсырмалар:
1 - топ. Өлеңдегі ана қасиетін дәріптейтін теңеулерді сызып отыру, іздеу.
2 - топ. Өлеңдегі сөз тіркестерін сызып отыру, іздеу.
3 - топ. Баланың анасына деген тілегі, алғысы қандай жолдардан көрінетінін іздеп сызу.
4 - топ. Ананың қас қабағына қарау дегенді түсіндіру.
Сергіту сәті.
Ән Ана мен бала
Әр топ гүл жасайды.
IІІ. Ойтолғау.
4 – слайд. Бес жолды өлең стратегиясы бойынша Ана тақырыбына өлең жазу.
ІV. Бағалау (смайликтер арқылы)
V. Үйге тапсырма. Ана тақырыбына эссе жазу.
VI. Қортындылау.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана – күнің, күніңе табынып өт.


Скачать


zharar.kz