Психологтар ұрыстан кейін күйеуінен бөлек ұйықтайтын әйелдер бұл әрекетімен ажырасуға бір қадам жақындай түседі деген пікірді ұстанады.
Қандай жанжал болмасын, сүйіктіңіздің қасына жатып ұйықтау маңыздылығының өз себептері де бар:
1. Бірге ұйықтау қауіпсіздік пен қорғаныс сезімдерін күшейте түспек. Олар өз кезегінде күйзеліс гормонын азайтады.
2. Ұрыстан кейін ортақ мәмілеге келудің ыңғайлы уақытын күтпей - ақ, ұйықтар алдында мәселенің шешімін тауып алуға оңтайлы тәсіл - бір төсекте түнеу.
3. Адам организмі үлкен әсерге берілгендіктен оның нашарлауы әбден мүмкін. Организм ішіндегі ісу үрдістерін болдырмас үшін үлкен даудан кейін бірге жату арқылы иммунитетті қуаттандыруға мүмкіндік туады.
4. Бірге ұйықтау - махаббат гормонын күшейтіп, алаңдаушылық сезімін жойып тастауға қауқарлы. Тіпті үлкен ұрыстан кейін де таңертең бақытты болып оянуға әбден болады.
5. Келіспеушіліктен кейін де сүйіктіңіздің қасына келіп жатсаңыз, онымен жыныстық қатынасқа түсуге қарсы еместігіңізді білдіртесіз. Тіпті махаббатпен айналыспасаңыз да, күйеуіңіз таңертең өзі - ақ құшақтап оятқанына таңғалып қаласыз.
6. Зерттеу нәтижесінде ұзақ уақыттық қарым - қатынастағы әйелдер басы бостарға қарағанда тез ұйықтап әрі сергек жүреді. Демек, сүйіктіңіздің қасында ұйықтау - жақсы түстің кепілі болса керек.
7. Түн жарымда балалар ата - аналарының қасына келіп жататын жағдайлар көптеп кездеседі. Олар әке - шешесінің ортасына жатып өзіндік қауіпсіздікті сезінеді. Ал егер де сондай сәтте келіп жатпақ болған бала әкесінің жоқтығын көрсе бірден қорғаныс пен қауіпсіздік тапшылығын сезінеді.