Анашым... сезесің бе шаршадым,
Қара түнде жамылып ап көрпені,
Еске алумен, жылауменен,
Сені аңсадым!
Өзің едің бұл өмірде тірегім,
Жыласам да, сұрасам да,
Қайта оралмассың, білемін...
Ішім толы мұң болса да,
Дұшпандарым қорықсың деп күлемін.
Бүгінде қан жылайды жүрегім,
Себебі, сағынып өзіңді жүремін!
Анашым.... сезесің бе шаршадым,
Мейірімі керек емес маған басқаның.
Сенің ғана сөздеріне зәрумін,
Сені ғана сағынып, мен аңсадым!
Қыз балаға ана орны ерекше,
Ұғындым мен оны күні кеше.
Сырларымды айтайын деп іздедім,
Бірақ... жан таппадым өзіңдей,
Қанша іздесем де!
Анашым... сезесің бе шаршадым,
Ішім толы ыза, ашу, мұң.
Алдына барып ақтарылғым - ақ келеді,
Әттен, әттең қайдан іздеп табамын?
Сен кеткелі өмірден он жыл өтті,
Әкем де он жылға қартайып,
Сіңлім де он жылға ер жетті.
Бірақ та ұмытпадық,
Бейнеңді, айтылған сөзіңді,
Мейірімге толы жанарың мен көзіңді,
Әрқашан сағынып, еске алумен жүреміз өзіңді!