Барлығы неше қаз

Скачать

Қызықты әзіл - есептер
1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
2. Қосарлап жегілген ат - арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
4. Бақтиярдың төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
5. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
6. 8 - наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?
7. Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
8. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір - бірлеп алды. Сонда дорбада бір асық қалды. Бұл қалай?
9. Болат сенбі күні кешкі 9 - да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10 - ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?
10. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?
11. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз?
12. Түрі, түсі, өлшемдері бірдей үш білезіктің біреуі қалған екеуінен жеңілірек. Таразыға бір рет өлшеп, жеңілірегін қалай табуға болады.
13. 7 таяқша арқылы 3 бұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?
14 а) 12 таяқшаны 5 шаршы шығатындай етіп орналастыр
ә) 2 бірдей шаршы қалатындай етіп 4 таяқшаны алып таста
15. Тігулі тұрған қызыл, жасыл, көк асықтың қазылын ұстамай қалған екеуінің ортасына орналастыр.
16. Бірінің саны ондығынан алты бірлікке артық болатын барлық екі таңбалы санды жаз.
17. Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2 - ге тең болатын екі таңбалы санды ата.
18. 4 және 5 цифрларының көмегімен жазылатын барлық екі таңбалы санды ата.
19. Үш төрттік цифрмен бір амалды қолданып 40 санын қалай жазуға болады.
20. Бес екілік цифрымен үш амалды қолданып 20 санын жаз.


Скачать


zharar.kz