Тәтті - тәтті тағамы, Астардың маманы

Скачать

Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - оятушылық Шатық шеңбер: №4
Мамандар туралы сюжетті суреттер көрсетеді.
Мамандар туралы сюжетті суреттерге зер сала қарайды.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Сюжетті сурет бойынша мамандардың түрлерімен таныстырады (дәрігер, аспазшы, құрылысшы, мұғалім, тігінші, шаштаразшы, жүргізуші, сатушы). Осы мамандардың атқаратын қызметі және қызметінің маңыздылығы жайында, мамандардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді. Мысалы: дәрігер маманы ауырып қалған адамдарға көмегін тигізіп емдейді, қандай дәрілер ішу үшін әр - түрлі кеңестер береді. Үйде ауырған адамға жедел жәрдем көрсетеді. Осылайша барлық мамандарды айтып түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Қалада көп, биік үй,
Соның бірі біздің үй.
Барады үйлер биіктеп,
Төбесіне тиіп көк.
Дидактикалық ойын:
Не артық?
Жұмбақтарды жасырады:
Кірпіштен сарай, үй салады, ол адам кім болады? (Құрылысшы).
Тәтті - тәтті тағамы,
Астардың маманы.
(Аспазшы)
Қимылды ойын: Ұшақтар Сюжетті сурет бойынша мамандарды атайды, олардың қызмет мен еңбегін түсініп естеріне сақтайды.
Өлең сөздерін қайталап, сергіту сәтінің қимылдарын көрсетеді.
Мамандар суреттер ішінен артық суретті алып тастайды.
Жұмбақтардың жауабын табады.
Ойынға белсене атсалыса қатысады.
Рефлексиялық - түзетушілік Қойылатын сұрақтар:
- Қандай мамандардың түрлерін білесіңдер?
- Жалпы мамандардың қандай пайдасы бар?
ҰОӘ балалардың жақсы қатысқандары үшін мадақтайды. Қойылған сұрақ бойынша мамандарды жеке - жеке атайды, жалпы мамандардың қоғамға тигізетін пайдасын айтып береді.


Скачать


zharar.kz