Сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Темірдің химиялық элемент ретіндегі сипаттамалары, табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту, адам денсаулығы үшін маңызын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық мүмкіндіктерге тәрбиелеу, қабілеттерін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, тапсырма жазылған карточкалар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілі: жаңа бағдарламаны пайдалану, топтық жұмыс, есептер шығару, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру - 2мин
II. Үй тапсырмасын сұрау - 8 мин
III. Жаңа тақырып - 15мин
IV. Талдау - 5мин
V. Жаңа тақырыпты бекіту - 5 мин
VI. Жинақтау және қорытындылау - 5мин
VII. Үй тапсырмасын беру - 2мин
VIII. Бағалау - 3мин
I. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Алюминий. Алюминий қосылыстары.
1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны\3 - период, 3 - топ, реттік номері - 13, атомдық массасы - 27, негізгі топша элементі\
2. Алюминийдің тотығу дәрежесі\+3\
3. Корундтың химиялық формуласы\AI2O3\
4. Алюминийдің балқу температурасы\660◦\
5. Сынап пен алюминий құймасы\Амальгам\
6. Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты қай жылдан бері жұмыс істей бастады?\2007\
7. Алюминий мен кремний құймасы\Дюралюминий\
8. Магналий қандай салада қолданады\ұшақ, көлік, кеме жасауда қолданады\
9. Ересек адамға күніне алюминийдің қанша мөлшері қажет\30 - 50 мг\
10. Алюминий қандай қышқылмен әрекеттеспейді\Азот қышқылымен\
11. Өнеркәсіпте алюминийді алуға қолданылатын шикізат\боксит\
12. Металдардың ішінде таралуы бойынша алюминий нешінші орында тұр\1\
Кесте толтыру