Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу

Скачать

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№6 орта мкетебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Байымбетова Нургул Мылтыкбаевна

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу; жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу; дауысты дыбыс түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін қолдана білуге, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар жасауға жетелеу; танымдарын кеңейтіп, балалардың сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; талдау жұмыстары арқылы дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алуына машықтану.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау
Көрнекі құралдар: слайд, бағалау плакаты, үлестірмелер, жұмыс дәптері, сызбалар.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке, тест, талдау, жинақтау, салыстыру.
Оқыту технологиясы: деңгейлеп - саралап оқыту

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Лексикалық, грамматикалық тақырыптар бойынша кітаптағы тест жұмысын алу.
Дәптерде орындау. (155 - бет)

ІІІ. Білу кезеңі
Тірек - сызбалар арқылы теорияны еске түсіру, қайталау(слайд)
Дауысты дыбыстар
1. Тілдің қатысына қарай
1) жуан: а, ы, о, ұ
2) жіңішке: ә, е, і, ө, ү
2. Еріннің қатысына қарай
1) еріндік: о, ө, ү, ұ, у
2) езулік: ы, і, е, а, ә, и

3. Жақтың қатысына қарай
1) ашық: ә, а,(о, ө, е)
2) қысаң: ұ, ү, ы, і,(и, у)

ІҮ. Қолдану кезеңі
Деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей (5 ұпай)
1) Бос орынға қажетті сөздерді қой:
1. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
2. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
3. Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү
4. Езулік дауыстылар: а, ә, е,, ы, і, и.
2) Семантикалық кестені толтыр:



Скачать


zharar.kz