Есептеуіш техниканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Оқушыларға Есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, олардың білімдерін дамыту.
Оқушыларды шапшаңдылыққа, ептілікке, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап санап есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалар мен, ағаш таяқшалрды жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытың осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. бұл санау құралын Гректермен Батыс Еуропалықтар абак , Қытайлықтар суанпан , Жапондықтар серобян , ал Ресейде есепшот деп атаған.
Паскаль машинасы (1642)
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деп атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
Лейбниц машинасы
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскалдың идеясы дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифометрді құрастырды. Дөңгелектің орнында мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Арифмометр қазір оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.
ОҚО, Мақтарал ауданы
Қайнар мектеп - гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәні мұғалімі Абдирахманова Фаһизада Абдирахманқызы