Екі жұлдыз ән байқауы.
Фанфары ойналады
(Екі жұлдыз музыкасы ойналып, жүргізушілер ортаға шығады)
1 - жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Кеш жарық ханымдар мен мырзалар!
Бүгін №10 орта мектебінде елімізді дүрліктірген Екі жұлдыз ән байқауы. Оның аты да ерекше болғалы тұр, қаламыздың 60 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылып отырған Әнімнің арқауы Жезқазған атты Екі жұлдыз ән байқауына екі жүргізуші бірге қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Бүгін сіздермен бірге жүргізушілер Бегзат Зияшқызы
Қымбат Файзоллақызы
2 - жүргізуші: Ән десе Жақсыгелді Сейілов ағамыздың, мына бір әні есіме түседі:
Шіркін менің қандай далам,
Жанарымды алмай қалам.
Сұлулықпен сырлассам да,
Сусыныңа қанбай қалам
1 - жүргізуші:
Иә. Өнер көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап өткен дара тұлға.
Оның әндері еліміздің түкпір - түкпірінде аңыз болып жастың да, жасамыстың да аузынан туспей келеді. Бұл сайыста да ағамыздың әсем әндері қалықтайды.
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста ата - аналар мен балалардың жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боласыздар.
1 - жүргізуші: Оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса екі жүргізуші бірге: шын жүйрікті бірге анықтайық ағайын!
2 - жүргізуші: Сайысымыздың шымылдығын Екі жұлдыз ән байқауына қатысушы жұптарды, таныстырудан бастамақпыз. Олай болса оларды қошеметпен ортаға шақырайық, ағайын.
(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)
№1 жұп. Жезқазған қаласындағы көрме залында 25 жыл еңбек етіп, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосқан жандардың бірі Ашкенова Дина Камалқызын 2 А сыныбының оқушысы сүйкімді немересі Балымбет Нұрайлым Ануарқызымен қарсы алыңыздар! (музыка ойналады)
№2 жұп. Тапсырыс берген кез - келген жанға жайлы жағдай жасап дәл уақытында жеткізіп отыратын Жезқазған қаласындағы Сарыарқа көлік тасымалдау бөлімінде 10 жылдан аса халыққа қызмет көсетіп, жүрген жандардың бірі, бөлімнің басшысы Алтаева Ляззат, Амангелдіқызын 3 Б сынып оқушысы ибалы да, инабатты қызы Ермекбаева Меруерт Жеңісқызымен қарсы алыңыздар! (музыка ойналады)
№3 жұп. Қаламыздағы Мадина кафесінде 25 жыл халыққа қызмет етіп, қала халқына көтеріңкі көңіл сыйлап, аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі Есеева Күлсара анамыз 2 А сынып оқушысы ақылды немересі Тойшыбек Жанел Бауыржанқызымен қарсы алыңыздар! (музыка ойналады)
№4 жұп. Жезді елді мекенінде туылып, бастауыш сынып мұғалімі болып балаларды білім нәрімен сусындатса, қазіргі жағдайда Балалар үйінде қызмет етіп айналасына өзінің мейірім шапағатын төгіп жүрген аяулы жандардың бірі Садырбекова Ақнұр Дүйсенқызын 3 Б сынып оқушысы ару да, сұлу қызы Қуанышева Айару Қуанышқызымен қарсы алыңыздар! (музыка ойналады)
Орындаушы жұптармен таныс болсақ, байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
2 - жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Балалар мен жасөспірімдер сарайының музыка мұғалімі: Бегжігітова Гүлшахар Сейдалиқызы (Сахна мәдениеті)
2. Бала тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі:---------------------(Әнді орындау шеберлігі)
3. Балаларды білім нәрімен сусындатып жүрген аяулы ұстазымыз:----------------------(Әннің тақырыпқа сәйкестігі)
Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3 ұпай. Әр жұп әнін орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде. Ал ұпай санының қорытындысын сайыс соңында айтасыздар. Олай болса бәрі түсінікті секілді.
2 - жүргізуші: Елімізде береке мен тыныштық орнап, сүйікті Жезқазғанымыздың 60 жылдығы мәңгі жасасын!
Кәкімбек Салықов ағамыздың әдемі мына бір өлең шумақтары оған дәлел:
Жезқазған
Қарай қалшы
Жезқазғанға бүгінгі
Табиғат та
Тәжім етіп жүгінді.
Көктеңбілсай
Теңіздей боп тербеліп,
Кеңгір суы
Кең далаға жүгірді.
Таңдан, досым,
Тамашалап таныс та,
Кенші боп кел,
Кеншілермен таныс та,
1 - жүргізуші:
Қарсы алады
Қырық ұлттың ұлдары,
Қарсы алады
Академик Қаныш та
Ұлытаудан
Жұмақ желі аңқиды,
Байқоңырдан ғарыш кеме шалқиды.
Трубалардың
Бұйра шашын бұлт сүйіп,
Конвертерде
Алқызыл мыс балқиды.
2 - жүргізуші:
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. Ақын, жыршы, Сал сері деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 - жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай ата - аналармен оқушылар жетерлік.
2 - жүргізуші: Ең алғашында Туған ел деп аталған әнді тыңдаған өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев: Мынау әннің атауы Ұлытау болсын. Ұлытауға арнап бұдан артық ән жаза алмаспен деп Жақсыгелді композиторға шынайы ықыласын танытқанын ел аңыз етіп әңгімелейді. Сыршыл ақын Сайлаухан Нәкенов сөзін жазған бұл ән айтса айтқандай, Ұлытауға арналған әннің ерекше шоқтысы болып келеді.
Бұл әнді орындаушылар №1 жұбымыз Ашкенова Дина, немересі Балымбет Нұрайлымды қарсы алыңыздар!
Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай? Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер
2 - жүргізуші:
Орындап ата - ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін
Анашым әнімен Аидинова Дамельді қарсы алыңыздар..
2 - жүргізуші:
Қымбат сен білесің бе дәнді - дақылымыз күріштің атасы қай жер екенін?
1 - жүргізуші:
Иә, білемін ол Қызылорда
2 - жүргізуші:
Олай болса келесі шырқалар ән осы Қызылорда жайында болмақ. Әнімен, сөзі белгілі сазгер ақындарымыздың бірі Рамазан Таймановтікі Қызылорда жастары . Бұл әнді орындаушы №2 жұбымыз Алтаева Ляззат пен қызы Ермекбаева Меруертті қарсы алыңыздар!
Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай? Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер
1 - жүргізуші:.
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды өнерлі деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады?
2 - жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта Асыл тастан, өнер жастан деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек. Олай болса жастайыннан әнге құмар Абаева Арайлымды Бипыл әнімен қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:
2 - жүргізуші:
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!- деп әндеткелі тұрған
№3 жұбымызды сахнаға Туған жер әнімен қарсы алыңыздар.
Әні: Сөзі:
Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай? Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер
1 - жүргізуші
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
Сахнаға№4 жұбымызды Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің әні Сәлем саған туған ел әнді орындаушылар Есеева Күлсара анамызды немересі Тойшыбек Жанел Бауыржанқызымен ортаға шақырамыз қарсы алыңыздар!
Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай? Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсерін жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар.
Осымен қатысып отырған 4 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты қазылар әділ шешімін шығарғанша ортаға тағы әнші жұпты шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Уа, туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік
Ән: Туған жер
Келесі сөз кезегі әділ - қазыларда.
Номинациялар:
1. Көрермендер көзайымы
2. Әнші бұлбұл
3. Ерекше артистік жұп
4. Үздік жарасымды жұп
2 - Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар Екі жұлдыз гимнін бәріміз бірге шырқайық!