Авторлар туралы мағлұмат беру Отан өлеңімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова Отан Б. Ысқақов Отан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Авторлар туралы мағлұмат беру Отан өлеңімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Түсініп оқуға және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта слайдтары,, авторлар шығармашылығынан көрме
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау, түгелдеу
ә) Психологиялық дайындық. Армысың, аспан ата!
Армысың, жер ана!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!
II. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
Балалар, сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Енді осы дыбыстар нешеге бөлінеді? (2; дауысты, дауыссыз). Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан - жіңішке). Осы дауыстылардың ішінде жуан - жіңішке жұп дауыстыларды атаңдар
( а - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү)
Онда мына сөздерді салыстырып жіберейік.
I – қатар
сан – сән
ар – әр
тіс тыс
II – қатар
тол - төл
тұр - түр
ұн – үн
Не байқадық? – а, о, ұ, ы дыбыстары жуан естіледі, ал ә, ө, ү, і дыбыстары жуан естіледі.
Ал енді дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Олай болса дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды салыстырып көрейік.
Мына сөздерді оқимыз.
I – қатар
шелек – шелегі
төк – төгу
тап – табу
II – қатар
тарақ - тарағы
бақ - бағу
шап – шабу
Не байқадық?
Сөз соңындағы к, қ, п дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г, ғ, б - ға айналады.
Олай болса балалар, осы әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуын не дейміз?
(Алфавит)
Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Балалар, осы қазақ алфавитінде қазақтың төл әріптері бар. Омар мыналар: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ. Бұл әріптер орыс алфавитінде жоқ.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту кезеңі
а) Жұмбақ жасырамын:
Қар жауады,
Күн тез батады,
Бұл қай мезгілде болады? (Қыста)
- Ал балалар, қыс айларын атай қойыңдаршы!- Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.
- Осы қыс мезгілі қандай мерекемен басталғанын білеміз бе?
- Иә, 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні!
Ал енді, тағы да бір айтулы мереке келе жатыр. Ол 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!
- Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?- Қазақстан
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
- Біз қандай елміз? Тәуелсіз.
- Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Егемен, азат, еркін ел. (Слайд арқылы Еліміздің тәуелсіздігі бізге қандай жетістіктер алып келгендігін таныстырвмын.)
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын - жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. Тәуелсіздік жолында қаншама тер төгілді, қаншама адам қыршынынан қиылды. Балалар, міне қараңдаршы, Желтоқсан оқиғасының құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова секілді батыр да намысшыл аға – апаларымыз тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан етті. Елін, жерін қорғаған батырларымыз көп. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою - өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2011 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз. 2013 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 22 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 15 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көптеген ауданы, ауылдары бар.
Мағынаны таныту
1) - Олай болса балалар, біз бүгін осы мерекеге байланысты бір емес екі өлеңмен, Отан деген өлеңдермен танысамыз.
- Отанына жыр арнамаған, өлең жазбаған ақын жоқ. Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше бүгінгі сабақта Мариям Хакімжанова мен Бүркіт Ысқақовтың Отан атты өлеңдерімен таныс боласыңдар. Оқулыққа назар аударайық (114 бет).(Авторлар туралы мағлұмат) слайдта
2) Мариям Хакімжанованың Отан өлеңін оқып беремін. Содан соң түсіндіремін
Өлеңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.
Балалар, бұл бір шумақ өлең, 4 тармақтан тұрады. Өлеңді талдау. (слайдпен)
- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз. Отан бізге қуат, нәр береді екен.
- Нәрді біз қайдан аламыз? - Жерден аламыз.
- Нәр татпады, нәр ішпеді деген тіркес бар
Бұл жерде нәр деген сөз - тамақ, ас, қорек дегенді білдіреді.
3) Өлеңді бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту
4) Сергіту сәті Қазақтың елі әнін екі оқушыға айттырып, қайырмасын хормен айттыру
5) Балалар, енді екінші өлеңді тыңдайық. (жазбаны тыңдату)
Бұл өлең неше шумақ, неше тармақтан тұрады екен? - 3 шумақ 12 тармақ
Өлеңді талдау.
1 - ші шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді. - Біздің мемлекетіміз неше облыстан тұрады? Біз қай облыста тұрамыз? Ауданымыз қалай аталады?
- Балалар, біздің ауылымыз қалай аталады? Бірлік. Сендер үшін Отан деген ұғым осы Бірлік ауылынан басталады.
2 - ші шумақта Отан деген ұғымға – қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - ші шумақта осының бәрін, яғни Отанды сүюге шақырады.
6) Сөздік жұмысы
Қуат - күш, әл, дәрмен
Нәр – қорек, ас
Ұран – үндеу, шақыру, дабыл
Өлке – аймақ, өңір, атырап
Тарих – еліміздің дамуы жолындағы оқиғалар
Даңқ – абырой, атақ
7) Оқулықпен жұмыс:
Тармақтап оқу ( екінші өлеңді жалғастырып оқи береді).
Әр қатарға хормен шумақтап оқыту. 3 - 4 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Ой толғанысы
8) Дәптермен жұмыс Отан сөзіне сөзтізбек жасау
О -
Т -
А -
Н -
Венн диаграммасы:(2 өлеңді салыстыру)
Қорытынды: Елімізде балалар, батыр болған бабаларымыз көп. Осындай кең байтақ, ұзақ тарихы бар, аса бай, бүкіл әлемге танымал, тәуелсіз елде туылудың өзі бақыт. Біз батыр аға – апаларымыздың арқасында осы күнге жеттік, осындай бақытқа ие болдық. - Отан қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түскен мына суреттегі батыр атамыз кім екен?
- Бауыржан Момышұлы
Олай болса Бауыржан атамыздың өсиетін оқып жіберейік.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Тағыбасқа Отан, туған ел, туған жер туралы мақал - мәтелдер білесіңдер?
Сонымен балалар, бүгінгі сабақта қандай өлеңдермен таныс болдыңдар?
Отан дегеніміз не?
Ү. Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау, салыстыру, мадақтау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, түсініп оқу


Скачать


zharar.kz