Бозторғай әнін тыңдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы:[ b] М. Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан. Төрт тентек.
[b]Жалпы мақсаты: [ b]Мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы идеясын аша отырып, өмірмен салыстыруға үйрену.
[b]Міндеттері:[ b] 1. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауға, проблемалық мәселені шешуге дағдыланады;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға, ой - тұжырым жасауға байланысты шығармашылық белсенділіктерінің негізін қалайды;
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді балалардың өз бойына сіңіруіне жетелейді.
Оқу нәтижесі: - өз бетімен талдайды, саралайды, ой түйеді;
- шығармашылық арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- өз ойын еркін жеткізіп, пікірін қорғай алады.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Бозторғай әні, суреттер, дид. материалдар, оқулық.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 4 - сыныбына арналған оқулық. З. Муфтибекова, П. Қ. Жаманқұл – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2011. – 208 бет, суретті.
Тапсырма көздері:
1. Үй тапсырмасы
2. Топтарға бөлу
Топтардың аталуына тоқталып кету.
3. Миға шабуыл (АКТ) Бозторғай әні.
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру.
4. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқу. ( Түртіп алу стратегиясы бойынша.)
5. Сұрақтарға толық жауап алу.
6. Дәптермен жұмыс.
7. Топтық жұмыс. Қорғау.
8. Пікірлесу
9. Қорытынды. Бағалау. Топтық
Сабақ барысы
Тренинг
[b]Үй тапсырмасы.[ b]
Абай өлеңін еске түсіру.
[b]Қызығушылығын ояту.
Сыныпты топтарға бөлу:[ b]
1 - топ. Домбыра
2 - топ. Қобыз
3 - топ. Шаңқобыз
4 - топ. Жетіген.
( Топтардың аталуына тоқталып кету).
- Топтардың аталуы қандай тақырыпқа байланысты болып отыр?
- Сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің
түрлері де сан алуан. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды халық қастерлеп, құрметтеген.
- Қандай композиторларды білесіңдер? (Музыка сабағына саяхат.)
- Енді осы әнші композиторлардың бірінің әнін тыңдап көрелік.
Бозторғай әнін тыңдау.
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдыңа не елестеді?
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Оқиға қай кезеңде болған? ( Тарихқа шолу. Дүниетану сабағын еске
түсіру.)
- Бұл ән кімнің әні болуы мүмкін? Білетіндерің бар ма?
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Ақынның қызы Төрткен
әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екенін айту.
[b]Мағынаны тану. [ b]
Мәтінді түсініп оқу. ( Түртіп алу стратегиясы бойынша.)
Сіңірі шыққан кедей – өте кедей.
Бұғанасы қатпаған – кәмелет жасқа жетпей.
Үзеңгілес серігі – бірге жүрген жолдасы.
Тізбектей оқыту.
1 - топ. Кенен ақынның балалық өмірін жазушы қалай суреттеген?
2 - топ. Қиыншылық кезінде кішкентай Кененнің бойынан қандай қасиеттер байқалды? Мәтіннен тауып оқып бер.
3 - топ. Оның ақын болып шығуына кім әсер етті? Мәтіннен тауып оқы.
4 - топ. Қарт ақынның балаларға айтқан тілек сөзін жатқа айт.
[b]
Ойтолғау.[ b]
1 - топ. Кенен ақынға сипаттама бер. Ақынның бойында қандай қасиеттері болған екен?
2 - топ. Ел басына қайғы төнген қараңғы түнек дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ. Ақын нені армандапты? Сол арманына жетті ме екен?
4 - топ. Ән құдіреті - эссе жаз.
Топтарда жұмыс.
Топтардың жұмыстарын талқылау, талдау, ортаға салу.
[b]Қорытынды.[ b]
- Бүгінгі сабақты Кенен атамыздың әнімен аяқтап, Кенен ата әндерін
жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
[b]Үйге тапсырма:[ b] Төрт тентек мәтінін түсіне отырып оқып, мазмұнын талдау.
[b]Бағалау [ b]
Формативті бағалау:
1. Сабаққа толық қатысып, өз ойын ашық айтып отыру;
2. Толық ойын жеткізу;
3. Сабақта толық қатысу.
[b]Кері байланыс[ b]
(оқушылар рефлексиясы)
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...


Скачать


zharar.kz