Ақжайық ауданы,
Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі:
Имангалиева Бекзат Гилмановна
Математикалық турнир 9 - 11сыныптар
Мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту.
Міндеттері:
Турнирдің жүру барысы:
1 – жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
2 – жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
1 – жүргізуші: Диляра, Математика деген ел бар. Ол қайда орналасқан? Білесің бе?
2 – жүргізуші: Иә, Батырхан. Алыстағы жұлдыздар сияқты, шындығында ол бізге жақын жерде екен. Өте жақын жерде екен. Күн сайын ол жерде қонақта болып, оның тұрғындарымен жиі кездесіп жүретінімізді де байқамай қаламыз. Сондықтан бұл ел - ғажайып ел. Айналамыз тұнған - сол ел МАТЕМАТИКА екен.
Екеуі бірге: Ендеше, бүгінгі турнир керемет ғылым – МАТЕМАТИКАҒА арналады.
1 – жүргізуші: Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
2 – жүргізуші:
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп, сайысқа қатысушы топтарды таныстырамыз.
2 – жүргізуші: Біздің математикалық турнирдің топтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!:
1. Болашақ дарындылар тобы
2. Асыл тас білгірлер тобы
3. Парасат ақылдылар тобы
4. Ақ сұңқар ойлылар тобы
1 – жүргізуші:
Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2 – жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
1 – жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ойлар сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
2 – жүргізуші: Біздің әділқазыларымыз:
математика пәнінің мұғалімі
информатика пәнінің мұғалімі
бастауыш сынып мұғалімі
1 - жүргізуші: Сайысымыздың І туры Шатырдағы логика деп аталады. Сұрақтың орнына жасырылған санды табу керек, бұл тапсырмаға 4 минут уақыт беріледі, дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.
2 – жүргізуші: 2 - тур: Тауып көр!
Келесі тапсырма топтың әр қатысушысы берілген сандардың ішінен қатар тұрған сандардың қосындысы
10 – ға тең болатын, сандарды сызып шығу керек.
487563946788312345673
654321987654314216217
456789123456716317461
673829145673491291231
827746757353709880283
637708957497455055335
289763782093824328427
637444666888313451789
321123123543543782382
978786826728676570198
1 – жүргізуші: 3 - тур
Санап көрші, қанша екен? деген сайысымыздың турында зейіндік танытып, берілген фигуралардың ішінде қанша үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш барын анықтайық.
7 үшбұрыш
16 үшбұрыш
8 үшбұрыш
7 квадрат, 20 үшбұрыш
28 үшбұрыш
4 - тур:
Мақал - мәтелдердегі сандар 5 мақал
Сандар кездесетін мақал - мәтелдерді неғұрлым көп білетін топ, соғұрлым ұпайға ие болады.
5 - тур:
Кім шапшаң? Бір түсті көпжақ құрастыру
6 - тур:
Бұл тур Сұрақ - жауап деп аталады. Әр топқа сұрақ жазылған қағаздар беріледі, дұрыс жауабын жазып, әділқазылар алқасына тапсырамыз.
1. Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)
2. Шеңбер салуға арналған құрал. (циркуль)
3. Көбейту нәтижесі. (көбейтінді)
4. Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)
5. Шеңбердің радиусы 6 см тең. Диаметрі нешеге тең? (12)
6. Миллиард санында неше нөл бар? (9)
7. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)
8. 2 - ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп)
9. Төрт жылда неше ай бар? (48)
10. Үштің квадраты тоғызға тең, төрттің квадраты он алтыға тең. Ал квадраттағы бұрыш нешеге тең? (90°)
7 - тур: Математикалық сарай
Ендігі кезекті топ басшыларына береміз, ал топ ойыншылары басқа тапсырма орындайды. Алдарыңызға берілген қағазға математикалық фигуралардан ойларыңыздар математикалық сарай құрастырып, оған ат қою керек.
8 - тур: Амалдар
Сайыстың шарты: Амалдарды тез орындау керек.
Құрметті ағалар мен апалар! Бұл есепті сіздер тез, әрі дұрыс шешеді деп ойлаймыз.
Ал біз Батырхан екеуіміз бұл есепті білмейміз. Сондықтан сіздерден үйренгіміз келеді.
9 5 6 5 1 6
2 – жүргізуші:
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Шынымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.
1 – жүргізуші:
Осымен математикалық турниріміз аяқталды, әділқазылар алқасы өз бағаларын бергенше жанкүйерлер мен көрермендер арасында ойын жүргіземіз.
Санаймыз, санаудан біз жаңылмаймыз ойыны
2 – жүргізуші:
Шебер қолдар ойыны
Оң қолмен шеңбер, ал сол қолмен үшбұрыш салу керек.
1 – жүргізуші:
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ - қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
2 – жүргізуші:
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде!
1 - жүргізуші:
Жеңімпаздарды шын көңілмен құттықтаймыз! Бәріңіздің қатысқандарыңызға рахмет!