Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру, денсаулық асыл қазына, асқан байлық, өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.
Толағай отбасылық спорттық сайысымызға қош келіпсіздер.
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой,
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.
Ден қойып, тыңдаңыздар, тамашалап.
Ердің туы - намыс екенін біліп қой!- дегендей, сайысқа қатысушы отбасыларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Шарттары:
1. Эстафеталық таяқпен жүгіру
2. Қапшықпен секіру
3. Допты баскетбол сеткасына салу
4. Секіртпемен секіру
5. Әкелері гір көтеру
6. Тізбектеліп жүгіру
7. Велосипедпен жүру
8. Допты аяқпен қысып жүгіру
9. Кедергілерден өту
10. Арқан тарту
Әділқазылар алқасы армысыздар,
Қош келіпсіз, есен - сау бармысыздар,
Сіздерге үміт артқан отбасыларға,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Уа, ағайын, туысқан,
Пайда болмас тұрыстан.
Басты көтер, белді жаз,
Кетер еңсе сайыстан!
Әнші қызды шақырып,
Әннен шашу шашайық!
Ән: Астанам
Әр шарт сайын әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
Жас ұрпақ өнегемен көгереді,
Дәстүрсіз жалаң қолдан не келеді?
Артыңа өшпес мұра сыйлап кеткен,
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты.
Келесі сайыстан – ақ байқайықшы.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Отбасылар аянбай – ақ жан салайықшы!
Эстафеталық таяқпен жүгіру, қапшықпен секіру, допты баскетбол сеткасына салу шарттары.
Жауырыны жерге тимеген,
Жалтақтауды білмеген.
Білекке иіп сом темір,
Қайыстай ғып илеген.
Әкелерім қайдасың? - гір көтеру, секіртпемен секіру, тізбектеліп жүгіру, велосипедпен жүру, допты аяқпен қысып жүру шарттары.
Отбасыларымыз тынығып алғанша әсем ән жолдаймыз.
Өз елім әнін қабыл алыңыздар.
Соңғы шарттарымыз: кедергілерден өту және арқан тартыс.
Әділқазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бойтұмар ғып ар – ождан, қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.