Тақырыбы: Құстар әлемінде .
Мақсаты: оқушыларға туған табиғатын сүюге, тірі табиғат құрамы құстарды қорғау барша адамзаттың міндеті екенін ұғындыру, тапсырмаларды орындай отыра алған білімдерін тексеріп, ептілікке, шапшаң қимылдауға үйрету, еркін сөйлеуге дағдыландыру, табиғатқа, өзін қоршаған ортаға қамқорлықпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі Құстар әлемінде атты сайысымызда жаратылыстану сабағындағы алған білімдерімізді жинақтап, қорытынды жасаймыз.
Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек дей отыра сайысымызды бастаймыз.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің.
Тыңдап баға берерге.
Шақырайық төрге. Әділқазылар мүшелері...
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын деп,
Ал халайық сайысымызды бастайық.
Ал, енді екі тобымызды ортаға шақырайық.
1. Топтар өздерін таныстыру. Аққу ж е Қарлығаш .
2. Зоовикторина.
1. Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі бар құс? көгершін
2. Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? қараторғай .
3. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? әтеш .
4. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? колибри .
5. Қай құс өзінің атын қайталайды? көкек .
6. Қай құс жемін ұшып жүріп аулайды? қарлығаш .
7. Қай құста мүлде ұя болмайды? көкек .
8. Құстардың негізгі мекені? ұя .
9. Құстарды қандай екі топқа бөлеміз? жабайы ж е үй құстары .
10. Құстар қай класқа ж е қай топқа жатады?
3. Құстардың атымен аталатын қыздардың ж е ұлдардың есімдерін атау. Сандуғаш, Қарлығаш, Қаршыға, Бүркіт, Аққу, Торғай, Лашын, Бұлбұл, Сұңқар .
Музыкалық үзіліс.
Сазды әуенін сыйлауға,
Арамызға әнші келді.
Әнді ынмамен тыңдауға,
Шақырады сіздерді! 8 а сынып оқушысы Даулеттің орындауында Ақ көгершін әні .
4. Ұйқасын тап ойыны.
1. Тастан тасқа секіріп, жем тереді........ кекілік
2. Аппақ доп тауып, шақырады ақ........ тауық
3. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді........ шымшық
4. Үні ғажап, дүлділ, бақта сайрар........... бұлбұл
5. Орыннан орынға ауысқан, ұшқалақ қара ала........ сауысқан .
6. Шабақ аңдып жағада, шарқ ұрады....... шағала .
5. Үй тапсырмасы: Көрініс.
Аққу тобы: Көрініс. Бала ұя бұзып, рәгәткімен құсты атып, жұмыртқаны жарып жүр.
Қыз бала қабағын түйіп : Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме деп
Ұрсушы еді менің анам күйіне.
Жас шыбықты сындырма деп ұрсатын.
Шыққанымда қошақанды сүйрелеп.
Ұя бұзба, ұя бұзба балақай
Көлде жүзіп жүрген аққулар.
Сахнада көл бейнеленген. Көл бетінде екі аққу жүзіп жүр. Қолында мылтығы бар адам, аққуларды аңдып тығылып отыр. Аққу биі биленеді. Аққуды атуға ыңғайланғандай болады, сол кезде қазақтың ұлттық киімін киген бала жүгіріп шығып қолын қағып жібереді де:
Тиме аққуға.
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.
Жанарыңда мұңлықтың жасы бар ғой.
Қарлығаш тобы: Үйдің төрінде ата өзінің немересімен әңгімелесіп отыр, саған айтарым, жер анаңды қадірле. Біздерді паналап ұя салған киелі құстарға қамқор бол. Осы кезде айқай – шу естіледі. Айқайлап шапқыншылар кіріп келеді.
Әскер басы: Ассалаумағалейкум, ақсақал, білек күшімен ауыл адамдарын түп – түгел қоныс аударттық. Ал, сіздің бұл отырысыңызға жол болсын.
Ата: Қарағым шаңыраққа қарайды. Шаңырағыма киелі құс қарлығаш ұя салып еді, сол балапандарын шығарсын, қанаттансын деп тосып отырған жайым бар. Обал ғой, балапандары әлі сарыуыз, жетілген жоқ.
Әскер басы: мұныңыз үлкен адамгершілік екен, өмірімде бірінші рет сіздей дана, мейірімді қамқор адамды кездестіріп отырмын. Басымды иемін кетіп қалады .
Құста адамды жағалайды.
Санап туған бауырласы.
Ұя салып паналайды,
Үйдің дала қарлығашы.
Әрқашан да зәру аң – құс
Адамзаттың мейіріне.
Адал, аппақ пейіліне,
Қазақтың абзал ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Аң – құсын қорғау бабаңның.
Емес пе басты ұраны.
6. Құстар қандай үн шығарады?
Бозторғай... шырылдайды. ---------- Тауық............. қыт – қытайды.
Қарға.......... қаңқылдайды. ----------- Қарлығаш..... шиқылықтайды
Бөдене....... бытпылдықтайды. ------ Тоқылдақ...... тоқылдатады.
Көкек.......... көкектейді. ---------------- Тырна............ тыраулайды.
Үйрек.......... барқылдайды. ------------ Тауыс............ шақырады.
Торғай......... шиқылдайды. ------------- Бүркіт........... шаңқылдайды
Көгершін..... уілдейді. -------------------- Қаз................ қаңқылдайды..
Қырғауыл.... шақылдайды. ------------- Сұңқар .........саңқылдайды.
7. Құстар сөзтізбекті шешу. 2 топ шешкенше, көрермендерге жұмбақ жасыру.
8. Жұмбақ сурет. Құстардың атын табу
Үшін әрбір суреттер мен кішкене дөңгелекшелерді пайдалану керек. Егер суретті дұрыс түсініп, кішкене дөңгелекшелерге қосымша әріптерді орынды толтыра білсеңдер, онда жұмбақталған құстардың атын білетін боларсыңдар. екі топқа үлестірмелі қағаз таратылады .
Суретшілер сайысы көзді жауып, құстың суретін салу .
Әділқазыларға сөз. Жеңімпаздарды марапаттау. Баршаңызға рахмет. Келесі кездескенше күн жақсы.