Бәйге бөлімінің сұрақтары

Скачать

Интеллектуалдық марафон

Мақсаты: 1) оқушылардың алған білімдерін қортындылау, интеллекті жоғары, алғыр да тапқыр оқушыны анықтау;
2) ақыл - ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту;
3) адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: төсбелгілер, тақырыптық плакат
ТОҚ: интерактивті тақта, слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды орындарына жайғастыру. Сәлемдесу, сайысты ашу.
ІІ. Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру.
1 - бөлім: Бәйге
2 - бөлім: Көкпар
3 - бөлім: Ғажайып жетілік
4 - бөлім: Алғырлар мен тапқырлар алаңындағы тапсырмалар.
ІІІ. Қортынды: Марапаттау.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма,
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда! – дегендей ой мен білім жарысын бастаймыз. Жарысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар:
1 - топ:
2 - топ:
Енді бүгінгі сайысымызға әділ қазылық жасайтын әділ қазылар алқасын таныстырайық:
1.
2.
3.
4.
5.
Сайыс топ мүшелерінің өзін - өзі таныстыруынан басталады.
Интерактивті тақтада топ мүшелерінің слайдтары көрсетіледі. Әр топ өзін - өзі таныстырып өтеді.
1 - бөлім: Бәйге ойынында әр топқа 20 сұрақтан беріледі, оқушылар қызыл белгілерді көтеру арқылы жауап береді. Қай топтың жауабы әзір болса, қызыл белгі көтереді. Қызыл белгіні тез көтерген топ бірінші болып жауап береді. Егер топтың жауабы дұрыс болмаған жағдайда мүмкіндік екінші топқа беріледі. Соңында ұпай саны есептеледі.

Бәйге бөлімінің сұрақтары:
1. Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин)
2. Абай атамыз көрсеткен 5 дұшпанды ата. (өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. 5 асылды ата. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
4. Ең үлкен ұзындық бірлігін ата.(километр)
5. Ең кіші үш таңбалы санды ата. (100)
6. Менің бір аяғыммен тұрғандағы салмағым 55 кг, ал 2 аяғыммен тұрсам ше? (55 кг)
7. Бір ыдыста екі жұмыртқа 2 минут піседі. Ал 10 жұмыртқа ше? (2 минут)
8. Әкесі 50 жаста, баласы әкесінің жасының жартысынан 4 жас кіші. Баласы нешеде? (21 жаста)
9. 4 ыдысқа 20 литр су құйылған, осындай ыдысқа неше литр сүт құйылады? (20 л)
10. Күннің бетіндегі температура қандай? (6000 градус)
11. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
12. Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата. (Тоқтар Әубәкіров)
13. Емен, қайың, терек өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаштар)
14. Ересек адамның қаңқасы қанша сүйектен тұрады? (206)
15. Төрт түліктің пірлерін ата. (түйе атасы – Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы – Зеңгі баба, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата)
16. Іс тігу үшін нелер қажет? (ине, жіп, қайшы, оймақ)
17. Торсық неден жасалады? (теріден)
18. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)
19. етістіктің түрлерін ата. (дара, күрделі, болымды, болымсыз, негізгі туынды)
20. Ұяны ракетаға ұқсатып жасады сөйлеміндегі бастауышты тап. (Олар – жасырын тұр).

2 - бөлім: Көкпар Тест сұрақтары жауап нұсқаларымен интерактивті тақтада беріледі. Оқушылар қызыл, көк, сары белгілер арқылы тест сұрақтарына жауап береді.
Қызыл – а нұсқасы;
Көк - ә нұсқасы;
Сары – б нұсқасы.
Көкпар ойынының сұрақтары:
1. Бір тәуліктің 1 6 бөлігін тап.
а) 6 ә) 4 б) 12
2. 1 км - дің төрттен бірін тап.
а) 200 м ә) 250 м б) 400
3. Метрмен нені өлшейді?
а) сыйымдылықты ә) ұзындықты б) массаны
4. Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?
а) дем алуымен ә) миымен б) ойлай, сөйлей алатындығымен
5. адам денесінің негізгі тірегі...
а) бас ә) аяқ - қол б) қаңқа
6. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.
а) әктас, ұлутас, гранит. ә) көмір, мұнай, газ б) фосфор, боксит, мырыш.
7. Екінші жақтағы етістікті белгіле.
а) келді ә) келдім б) келдің
8. Бағдаршам не үшін қажет?
а) көше қозғалысын реттеу үшін;
ә) электр жарығын іске қосу үшін;
б) ауа - райын болжау үшін;
9.... – инемен құдық қазғандай.
а) еңбектену; ә) оқу; б) тоқу.
10. Математикада белгісіз санды қай алфавитпен таңбалайды?
а) қазақ; ә) латын; б) ағылшын.

Ғажайып жетілік - топ командирлерінің ойыны.
Мақалды жалғастыр ойыны.
1 - топ: 1. Өнер алды -... (қызыл тіл)
2. Тіл тас жарады -... (тас жармаса, бас жарады)
3. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
4. Отан үшін отқа түс,... (күймейсің).
5. Ер туған жеріне,... (ит тойған жеріне)
6. Жат елде сұлтан болғанша,... (өз еліңде ұлтан бол).
7. Гүл өссе жердің көркі,... (қыз өссе елдің көркі)
2 - топ: 1. Шынықсаң -... (шымыр боларсың).
2. Отансыз адам -... (ормансыз бұлбұл).
3. Ел іші -... (алтын бесік).
4. Мыңның түсін танығанша,... (бірдің атын біл).
5. Қонағыңнан алтын алма,... (алғыс ал).
6. Досы жоқ адам,... (тұзы жоқ тағам).
7. Жаңбыр жауса жер көгерер,... (батыр туса ел көгерер).

4 - бөлім: Алғырлар мен тапқырлар алаңы. Сұрақтар жазылған топшамаларды топ мүшелері кезек - кезек суырып, жауап береді.
1. 1 - ден 100 - ге дейінгі сандар қатарында неше бірлік бар? (100)
2. Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады? (шілде)
3. Қарындаш үшін ол пенал, ао машина үшін қалай аталады? (гараж)
4. Кітаптың басында не тұр? (к дыбысы)
5. Ең қысқа айды ата. (ақпан)
6. Үстелдің 4 бұрышы бар еді. Бір бұрышын арамен кесіп тастағанда, неше бұрыш қалды? (5 бұрыш болады)
7. Алтын балық ертегісін кім жазған? (Александр Сергеевич Пушкин)
8. 7 қосу 7 бөлу 7 неше болады? (2 болады)
9. Әкем кешкі сағат 9 - да ұйықтауға жатты, ал сағатты шырылдауға 10 - ға қойды. Ол қанша уақыт ұйықтап қалды? (13 сағат ұйықтады)
10. Сабақ соңында біз не естиміз? (қ дыбысын естиміз)
11. Жердің ортасында не бар? (е дыбысы бар)
12. Қай кезде біз екіні көріп тұрып, 14 деп атаймыз? (күндіз сағат тілінің 2 - ні көрсетіп тұрғанын көрсетіп, 14 деп атаймыз).
ІІІ. Қортынды.
- Сонымен сайысымыз аяқталды. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сайыс жүлдегерлерін марапаттаумен аяқталады.


Скачать


zharar.kz