Сабақ түйіні Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абайдың Толық адам философиясы
Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың Толық адам философиясын Ғылым таппай мақтанба , Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек өлеңдеріне талдау жүргізе отырып, жаңа білім беру. Ақын шығармалары арқылы өмірлік темірқазықтарын табуға, Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі етуге ықпал жасау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Ақын шығармаларын түсінеді, ойларын айтады. Адамдық қасиеттерге анықтама береді.
Көптеген оқушылар: Шығармаларды талдайды.
Кейбір оқушылар: шағын ойтолғау жазады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік терминология: Толық адам , ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Меніңше бұл туынды..., Мен өз ойымды былай білдірер едім...
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану
Мектеп құндылықтары: Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;
Осыған дейін меңгерілген білім Қарасөздеріндегі өзін - өзі тәрбиелеу, педагогтік ой - пікірлері, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі.
Сабақтың ұраны Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын
Күтілетін нәтиже Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Сабақ түйіні Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Топтық жұмыс қағидалары - Адам баласына адам баласының бәрі – дос
- Таразы да, қазы да өз бойыңда
- Досыңа достық – қарыз іс
- Ісім өнсін десең – ретін тап
- Асығыс түбі – өкініш
- Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылым деме өзгеден
- Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы
Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі КММ
Мұғалім: Бекетай Балғын Нұрланқызы



Скачать


zharar.kz