Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы
Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: 1.Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру,мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3.Ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар т.б.
Сабақтың құрал-жабдығы: Сурет,оқулық, жұмыс жасайтын орталықтар
1.Оқу, жазу орталығы
2. Драма орталығы
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа
аудару.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
2. Үй тапсырмасы
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Көжек ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.
Тақтаға бес оқушыны шығарып, ертегі мазмұнын сұрап, оқушыларға сұрақ қойғызу, туған жер туралы мақал-мәтел айтқызып бағалап, қорытындылау.
3. Жаңа сабақ
1. Пікірлер ағашы арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қай жылдары өмір сүрген?
4.Қандай шығармаларын білесің?
5.Қандай қызмет атқарған?
2. Жақсыдан үйрен бөлімінде не өттіңдер?
1.Үлкенді сыйлау
2.Адал достық
3.Әдептілік
4.Мақтаншақ болмау
5.Қамқорлық т.б
3.Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Қамқорлық
Авторы Б.Соқпақбаев
Бүгінгі өтетін тақырып мазмұнын меңгерту үшін оқушыларды орталықтарға бөліп әр орталыққа тапсырма беру.
1-топ. Оқу мен жазу орталығы
1. Әңгімені оқып түсінігін айту.
2.Әңгімедегі Жантас пен Қожаға мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы
2-топ.Драма орталығы
1.Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою.
4.Орталықтардың жұмысын тыңдау.
5.а) Мұғалім түсіндірмесі.
ә) Суретпен жұмыс.
6. Дәптермен жұмыс.
Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?
7. Қорытындылау
Венн диаграммасы
Ж.Аймауытов
Б.Соқпақбаев
1.Ж.Аймауытовтың әңгімесі әңгімесі қалай аталады?
2.Б.Соқпақбаевтың әңгімесінің аты қалай?
3.Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?
4.Бердібектің торғайы ше?
5.Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
6.Бердібектің торғайы ше?
8. Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Қамқорлық тақырыбына сүйене отырып эссе жазу.