Сабақ: Қазақ тілі
Тақырыбы: Альпинист Мектеп: Өрлеу
Мұғалімнің есімі: Ғ. С. Оспанова
Сынып: 8 - сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
ӘТН. 4. 2 Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, сызба салады.
• Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тауып, сөз тіркесін құрай алады
Оқушылардың басым бөлігі:
• деректерді қолдана біледі, пікір алмасады
• ережеге сүйене отырып, сөздердің өзіндік орнын анықтап түсіндіреді, сөйлем құрастыра алады
Кейбір оқушылар:
• автордың пікіріне өз көзқарасын білдіреді.
• тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің жасалу жолдарын, қызметін анықтайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
мәтінді түсіндіреді, тірек сөздерді табады, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтайды, қызметін түсініп, сөйлемдер құрап жазады, өз сөзімен түсіндіреді.
Жетістік критерийлері
• алынған деректерді дәлел ретінде қолдану
• авторына сілтеме жасау
• сөйлем мүшелерінің өзіндік орны мен қызметін түсіну
Негізгі сөздер мен тіркестер:
альпинизм, Эверест, мақтаныш, туризм, спорт түрі
Алдыңғы оқу альпинистің кім екенін біледі.