Жарыс сабағы

Скачать

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Сұлутөр ауылы,№38 орта мектебі,
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Кистаубаев Ершат Кадырбекович

Алғашқы әскери дайындық 10 сынып

Сабақ тақырыбы: Қорғаныстағы жауынгер

Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері туралы білімдерін пысықтау.
- Дамыту: Оқушылардың ой - өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: Патриоттық сана - сезім қалыптастыру және әскери тәрбиеге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Модульдық оқыту технологиясы.
Көрнекі құрал - жабдықтар:

1. Тактикалық дайындықтың плакаттары.
2. Үлестірме – карточкалар.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жарыс сабағы.
1) Тірек – сызбанұсқамен жұмыс.
2) Қарлы кесек - ойыны.
ІІІ. Қорытындылау. Бағалау.
ІҮ. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Взвод командирдің баяндамасы.
2) Оқушылармен сәлемдесу, әнұранды орындау, оқушылардың сыртқы көрінісін тексеру.
3) Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
Жарыс сабағы.
1) Тірек – сызбанұсқамен жұмыс - оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.

2) Қарлы кесек - оқыта үйрету ойыны.
Ойынның шарты:
Материалды оқушылар өздері дербес оқып шығады. Мұнда сынып топтарға бөлінеді – А, Б, В үстелдері. Әр топ өз тапсырмаларын – оқу материалының қандай да бір бөлігін оқып - үйренуді – алады да, 10 - 15 минут дайындалады. Дайындалып болған соң оқушылар келесі тәртіппен орын алмасады: бір үстелдің басына А - 1, Б - 1, В - 1 жетоны барлары, келесі үстел басына – А - 2, Б - 2, В - 2 жетоны барлары, т. с. с Мұғалім үстелдердің сілтемесін өзгертіп, А, Б, В әріптерінің орнына 1, 2, 3 сандары жазылған сілтемелер қояды.

Ойынның І туры жарияланады ( 10 минут).
Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді (әріптерінің кезегі бойынша). Олардың әңгімесін тыңдаушылары сызба, жоспар, тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 4 нөмерлі (А - 4, Б - 4, В - 4) ойыншылар тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалдың сызба – конспектісін жазады. Тақтаның орнына кодопленканы, ватманды, т. б. пайдалануға болады.

ІІ тур (уақытын мұғалім белгілейді).
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады, ал мұғалім тағы да үстел сілтемелерін ауыстырады ( 1, 2, 3 – тің орнына А, Б, В - ны қояды). 4 нөмірлі (А - 1, А - 2, А - 3, А - 4) ойыншылар тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба – конспектілерін қорғайды. Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгерілгендігін, сұрақтың мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты баяндалғанын бақылап отырады.


Скачать


zharar.kz