Білім беру саласы: Таным, Қатынас
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі
Білім беру:
1. Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
2. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.
4. Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы.
Сөздік жұмыс: Тұрмыстық, техника
Билингвальды компонент: тоңазытқыш - холодильник, тұрмыстық техника - бытовая техника, электр бұйымдары - электро товары, шаңсорғыш -пылесос.
Құралдар: Интерактивті тақта, үй жабдықтарының ойыншық түрлері, жұмыс дәптері. Суреттер, түрлі - түсті қарындаштар, жұлдыздар, үй
жабдықтары, тұрмыстық техникалық және үй жиһаздары, сурет карточкалары, арнаулы дүкендер суреттері.